Темір жол бойындағы ауылға электр желісі тартылды

Инфрақұрылым
01.09.2023, 09:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау – Астрахань темір жолы пайдалануға берілген өткен ғасырдың 70-жылдары жол бойында пайда болған Томан ауылы соңғы кезде электр энергиясынан тапшылық көріп отырған.

Негізінен теміржолшылар тұратын Аққыстау ауылдық округіне қарасты №17 теміржол бекетінде орын тепкен Томан ауылында электр желілері үзіліп, жарықтың сөнуі жиілеп кеткелі талай жыл. Трансформатор ескіргендіктен, жел соқса немесе ауа райы бұзылса, жарық жиі сөніп қала береді. Теміржол тартылған тұста 1970 жылы жүргізілген электр желілері әбден тозығы жетіп, ескірген және сол кезден бері жаңартылмаған. Бекет арқылы тәулігіне 10 жүк және екі жолаушылар пойызы өтеді. Солардың бәрін қабылдау, өткізу байланыс құралдарының сапасына байланысты. Ал ол үшін электр желісінің ақаусыз болғаны маңызды.  

Биыл бұл мәселе оң шешімін тапты. Х.Ерғалиев ауылының подстанциясынан Томан ауылына дейін 30 шақырымды құрайтын 10 киловаттық электр желісін тарту жұмысы басталып, осыған орай жобаға түзету жұмыстары енгізілген. Томан ауылішілік электр желілерін жаңарту және көше жарықтарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, биылғы мамыр айында құрылыс жұмыстары қолға алынып, жұмыс қарқынды жүрді. Бүгінде ауыл көшелеріндегі электр бағаналары жаңартылып, қайта орнатылып, томандықтардың жарықсыз отыратын күндері артта қалды. Елді мекенге тартылған электр желісі 430 тұрғыны, 80 түтіні бар ауыл үшін көптен күткен қуаныш болды. Бұған қоса, ауылдағы әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бірнеше жыл бұрын табиғи газ беріліп, көшелері асфальтталған теміржолшылар ауылы жаңа келбетке ие болуда.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті