Биыл 1401 шақырым теміржол жөндеуден өтеді

Инфрақұрылым
09.04.2024, 10:00
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда он бір мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді. Соның ішінде биылғы жазғыжол жұмыстары 1401 шақырымды қамтымақ. Оның 570 шақырымы күрделі жөндеу еншісінде. Бүгінгі таңда жол техникасын дайындау жұмыстары аяқталып, еліміздің оңтүстік өңірлерінде жол жөндеу жұмыстары басталған.

Жазғы жолды сауықтыру жұмыстарының үлкен көлемі Шу – Қандыағаш телімі бойынша 266 шақырымды, Астана – Алматы бойынша 260 км, Жаңа-Есіл – Көкшетау – 161 км, Ақтоғай – Семей-Алтай – 153 км, Қандыағаш – Ақсарай – 138 км, Алматы – Павлодар бойынша 106 км құрамақ.  

Өткен жылы жазғы-жол жұмыстары барысында еліміздің барлық өңірі қамтылған еді. Жалпы жұмыстар 1 443 км жол көлемінде орындалды, оның ішінде, 557 км жол күрделі жөндеуден өткен болатын. Әртүрлі жөндеу түрлерінен өтіп, жаңа келбетке ие болған телімдерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығы артатынын атар едік. Мәселен, былтыр 581,4 шақырымда «Тальго» вагондары бар жолаушылар пойыздары үшін; 9 шақырымда электр пойыздары үшін; 656,6 км жолаушылар пойыздары үшін; 605,4 км жүк пойыздары үшін және 480,6 км контейнерлік пойыздар үшін жылдамдық өсті.  

Магистральдық желі дирекциясы мамандарының айтуынша, Компанияның инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жоспарларын жүзеге асырып жатқан еңбеккерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Айталық, жол шаруашылығы қызметкерлерін санитарлық-тұрмыстық жағдаймен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында 215 жылжымалы ғимарат қарастырылған. Былтыр соның 102 ғимараты орнатылса, 2024 жылы 139-ы, ал 2025 жылы 22 ғимарат орнатылмақ. Ал Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және 2024 жылғы еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде 93 ғимаратқа ағымдық жөндеу жүргізу жоспарланған.  

Сонымен қатар қолайлы еңбек жағдайларын жасау үшін жол дистанцияларының күшімен ғимараттарды – жылу жүйесін, шатырды және т.б. ағымдық жөндеуден өткізу жоспарланған, ол үшін 465 млн. теңгеден астам сомаға құрылыс материалдары сатып алынбақ.  

2025 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындай отырып, Сай-Өтес станциясы бойынша ПЧ-12 Гараж және Қандыағаш станциясы бойынша ПЧ-6 Қандыағаштың компрессорлық ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған екі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған. Сондай-ақ, 2023 жылы арнайы жылжымалы құрамның 721 бірлігі әртүрлі жөндеу түрлерінен өтсе, биыл да жөндеу түрлерінен тағы 996 бірлігі өтпек. Атап өтетін жайт, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан балансқа машиналарға ілесіп жүретін бригадаларға ыңғайланып қайта жабдықталған 57 класты вагон қабылданған. Осы жылы оның 18-іне күрделі жөндеу жүргізу қарастырылып отыр.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты