Биыл ұзындығы 1 401 шақырым темір жол жөнделеді

Инфрақұрылым
17.01.2025, 09:03
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2025 – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін маңызды жыл болмақ. Бірқатар жобалар құрылысы аяқталып, енді бірқатары жаңадан басталады.  

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілген жұмыстар легі қатарында биыл Маңғыстау станциясын дамыту және №2,10,12,15 разъездерінде қосымша жолдар салу көзделіп отыр. Бұл – қолданыстағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде атқарылады.  

Сонымен қатар еліміздің мультимодальды әлеуетін дамытуға бағытталған «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол жолын салу, қолданыстағы «Семей-Ақтоғай» теміржол учаскесіне шыға отырып, Қазақстан – Қытай шекарасында «Бақты» үшінші шекаралық теміржол өткелін салу, Алматы теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол құрылысын салу, «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісін салу жобалары жоспарға сәйкес аяқталады деп күтілуде. Құрылыс аяқталғаннан кейін қосымша жұмыс орындары құрылмақ, бір ғана жол шаруашылығы бойынша жаңа құрылыс учаскелеріне 500-ден астам адамды қабылдау жоспарлануда.  

Бұдан бөлек, ұзындығы 1 401 км темір жолдарды жөндеу, оның ішінде 566 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бейнеу – Маңғыстау учаскесінде жұмыстар басталады. Маңғыстау – Құрық учаскесінде автоблоктау құрылысы және рзд.Р – Боржақты учаскесінде разъезд құрылысы басталады.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға