Қарағанды-Сұрыптау станциясы жаңғыртылады

Инфрақұрылым
18.03.2025, 08:51
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Қарағанды-Сұрыптау станциясын жаңғырту бойынша жұмыс басталады. Ол станциялардың өңдеу қуатын арттыру үшін өткен жылы бекітілген Сұрыптау жүйелерін дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.  

Сондай-ақ өткен жылы электрмен жабдықтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Онда 2025 жылдан бастап іске асырыла бастайтын тартымдық қосалқы стансаларды жаңғырту мен әуе байланыс желілері және пайдалану мерзімі өтіп кеткен электрмен жабдықтау құрылғыларын күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған.  

Сонымен қатар биыл Қызылжар – Сексеуіл, Қандыағаш – Тобыл, Никелтау – Әлімбет және Ақсу-1 – Дегелең – Жаңасемей, Шалқар – Бейнеу телімдерінде автоблоктау, ал Бейнеу – Маңғыстау телімін жаңғырту жоспарланған. Бұдан бөлек, Алтынкөл – Жетіген теміржол телімі 12 жыл бойы пайдалану барысында тәулігіне 18 жұп пойыз қабылдауына байланысты, өзінің өткізу қабілетінің қорын толық пайдаланып болды, сол себептен оны жаңғырту туралы шешім қабылданып отыр. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы телімнің өткізу қабілетін тәулігіне 30 жұп пойызға дейін арттырып қана қоймай, Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін де көтере түспек.  

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, магистраль инфрақұрылымының өткізу қабілетін тежеп отырған негізгі фактордың бірі, станциялардың өткізу қабілеті мен қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы болып отыр. Егер қазіргі тартқыш түрлері мен контейнерлік пойыздар үлесінің ұлғаюымен пойыздардың салмағы мен құрамдар ұзындығының артқанын ескерсек, онда станция шаруашылығының бұрынғы күйде қалып, ұзынқұрамды пойыздарды өткізуге қабілетсіз болып отырғанын айта кеткен жөн. Бұл көрсеткіш жалпы алғанда станциялар мен разъездердің 59% тән жағдай. Сондықтан 2029 жылға дейін 200-ге жуық станса мен жекелеген пункттерді, соның ішінде биыл 31-ші станцияны дамыту жоспарлануда. Жеке пункттерді дамыту қазірдің өзінде типтік жобалар бойынша жүзеге асырылуда, бұл жобалық шешімдерді дайындау уақытын 6 айға дейін қысқартып отыр.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға