Достық – Мойынты теміржол учаскесіндегі екінші жол жақында іске қосылады

Инфрақұрылым
26.05.2025, 15:28

Қазақстан ұзындығы 836 шақырым болатын Достық – Мойынты теміржол учаскесіндегі екінші жолдарды пайдалануға беруге дайындалуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтің, «Самұрық – Қазына», облыстық әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылуда және еліміздің көлік-транзиттік әлеуеті үшін өте маңызды. Жол Қазақстанды Қытаймен берік сауда байланыстарымен байланыстырады. Оны жаңғырту осы бағыттағы жүктерді тасымалдауды ұлғайтады және сапасын арттырады. Учаскенің өткізу қабілеті бес есеге– тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін артады деп күтілуде.  

Учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың басында басталды. Учаскенің өткізу қабілетін арттыру үшін барлығы 8,2 млн текше метр топырақ толтырылып, 32 станцияны дамыту мен жаңғыртуды ескере отырып, 800 шақырымнан астам теміржол төсемі төселді, 92 көпір салынды. Энергиямен қамтамасыз ету және байланыс жүйелері жаңғыртылды. Пойыздар қозғалысын басқарудың отандық жүйесі енгізілді.  

Құрылыс кезінде мамандар қиын рельефке байланысты бірқатар қиындықтарды еңсерді. Екінші жолды салу үшін кейбір учаскелерде тау жыныстарын қопсыту үшін бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Ауқымды құрылыс бірегей тәжірибе жинақтаған, техникалық қуаттылықты күшейткен, мамандардың біліктілігін арттырған, өндіріс көлемін ұлғайтқан отандық кәсіпорындардың дамуына қосымша серпін берді. Қазақстандық зауыттардан 100 мың тоннадан астам рельс және 1,5 миллионға жуық темірбетон шпал сатып алынды. Құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 85% құрады.  

Жобаның стратегиялық маңыздылығын және құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары қарқынын ескере отырып, екінші жолдар бойынша қозғалыс маусым айында іске қосылады. Бұл құрылыстың нормативтік мерзімінен екі жыл бұрын аяқталарын білдіреді.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?