Теміржол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Инфрақұрылым
27.06.2025, 09:00
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Теміржол жөндеу» ЖШС филиалдары биылғы наурыз айынан бастап темір жол төсемін күрделі жөндеу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Мәселен, маусым айының басында 78 шақырымнан астам жол жаңартылды. Бұл 244 км жылдық жоспардың 32,14% құрайды.

Тек мамыр айында 46,7 шақырым шамасында жол жөнделіп, жоспарланған 45,169 км көлемінен 1,517 км артық болған. Бұл көрсеткіштер жөндеу науқанының жоғары қарқыны мен тиімділігін растап отыр. Жұмыс ең өнімді жүргізілген учаскелерге келсек, ол Еркіншілік – Едіге учаскесі, бұл учаскеде Астана ЖМС 13,5 км орнына 14,5 км жолды жөндеген. Шар ӨУ-мен Ақсу-1 – Ақсу-2 телімі арасында 7,8 км орнына 8,5 шақырымға жөндеу жүргізсе, Бірлік ЖМС Жиделі – Бірлік учаскесі аралығында 11,996 шақырымды жөндеп, жоспарды толығымен орындаған.  

Ал Ақтөбе жол машиналары станциялары Жарлы – Рзд 174 және Кенжалы – Рзд 142 телімдері аралығында 9,237 км және 2,335 км жөндеу жұмыстарын атқарып, жоспар меже үдесінен табылған. Мамандар атқарылып жатқан тыңғылықты шаруалардың ағымдағы серпінін ескере отырып, жылдық жоспар межеленген мерзімінен бұрын орындалатынына сенім білдіріп отыр.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты