Ердәуіт станциясына алғашқы бағыттағыш бұрма орнатылды

Инфрақұрылым
05.09.2025, 09:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Осы күндері Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы тарихи оқиғалардың куәсі болып, өңір теміржолшылары жарқын жобаларды жүзеге асыруда. Күні кеше ғана жаңадан салынып жатқан «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол учаскесінің Ердәуіт станциясында алғашқы бағыттағыш бұрма қойылды.

Сарыағаш станциясының іргесіндегі Дарбаза аралығынан бөлінетін және сол жерден Ердәуіт станциясына қарай төселген теміржол тармағына алғашқы бағыттағыш бұрма қойылып, Дарбаза – Сарыағаш аралығының жұп жолына екіжақты автоблок орнатылды. Ал бағыттағыш бұрма кешенін қоюды іске асыру үшін аталған телімнің тақ жолына таңғы сағат 7:00-ден бастап 20 сағаттық технологиялық толаскез жоспары бекітілді.  

Жоспарлы жұмыстың ойдағыдай орындалуы үшін аталған нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның жауапты өкілдері мен НОД-9 және НЖС-9 мекемесінің жетекшілері қатысты. Осы ретте Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің Арыс жол дистанциясы жұмыскерлерінің еңбектерін айрықша атап өткен жөн. Сол сияқты ШЧ-38, ЭЧ-24, ВЧД-30, ТЧЭ-32 мекемелері мен Сарыағаш станциясының өкілдері де тарихи сәттің куәгері атанып, жобаның сәтті жүзеге асуына атсалысты.  

Алғашқы бұрма салу жұмысын үйлестіруге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент бөлімшесінің бас инженері И.Нұржанов пен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің орынбасары Ж.Мырзабеков және Арыс жол дистанциясының бастығы Ғ.Мұқажанов та қатысты.  

Екі кезеңнен тұратын 8 және 12 сағаттық толаскезге бас-аяғы 21 жұмысшы мен жетекші құрам және ҚТЖ-ның құрылымдық мекемелерінен 20-ға жуық түрлі техникалар жұмылдырылды. Оның алғашқы кезеңінде Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы А.Бижановтың жетекшілігімен тақ жолдың желісі жоғары кернеулі электр желісінен ажыратылып, қауіпсіз қызмет үйлестірілді. Ал ШЧ-38 мекемесінің бастығы M.Жаңабаев Сарыағаш пен Дарбаза станциясының аралығында байланыс желісінің қалыпты қызметін қамтамасыз етті. Алғашқы бұрма салу жұмысының ойдағыдай іске асуына ПЧ-54 мекемесінің бас инженері Думан Додабаев жетекшілік еткен жолшылар білек сыбана кірісті.  

– Бұл – біз үшін қалыпты жағдайда міндетімізді орындау болып көрінгенімен, тарихи тұрғыда маңызы зор әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс. Сондықтан да ерекше сәттің іске асуының куәсі болып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Жол құрылысына жауапты жетекшілер де, біздің бригадалардың жігіттері де жоспарлы істі ойдағыдай орындап, алғашқы бұрманы салуға бір кісінің баласындай ұйымшылдықпен қатысты, – дейді Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Әсілханұлы.  

Айта кетсек, мемлекетаралық қатынаста стратегиялық маңызы жоғары «Дарбаза-Мақтаарал» телімі іске қосылған жағдайда Өзбекстанға 2 бірдей жаңа теміржол телімі арқылы шығу мүмкіндігі туады. Сонымен қатар Түркістан облысының Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандары арқылы шойын жол шаруашылығы Қазақстанның үлкен жол торабымен байланысады.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті