Тоқаев түркі мемлекеттерін Орта дәліз бойындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға шақырды

Инфрақұрылым
08.10.2025, 09:12
Оқуға 2 мин
Сурет: Ақорда
Қазақстан теміржолшысы

Біздің елдер Еуразия құрлығының жүрегінде – Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын көптеген жолдардың тоғысында орналасқан. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының Габалада өткен XII саммитінде айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан аумағы арқылы бес халықаралық теміржол дәлізі өтеді.

«Жуырда біз Достық – Мойынты теміржолының екінші желісін іске қостық. Бұл қадам Трансқазақстан теміржол дәлізінің қарқынды дамуына ықпал етеді. Жаңа бағыт жүк тасымалы көлемін бес есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тағы екі маңызды теміржол желісінің құрылысы жүріп жатыр. Күмән жоқ, бұл жобалар өңірлік логистиканың өсуіне жаңа серпін береді», – деді Президент.

Қазақстан басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының Еуразия көлік жүйесінің стратегиялық бөлігіне айналғанын атап өтті.

«Соңғы бес жылда Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүк көлемі алты есеге артты. Жақында Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің көлік министрлері кездесіп, осы бағытқа қатысты бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Біз түркі елдерін Орта дәліз бойындағы әуе хабтарының, теміржол станциялары мен теңіз порттарының инфрақұрылымын жаңғыртуға белсенді қатысуға шақырамыз.

Бүгінде көлік-транзит саласын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта жасанды интеллект технологияларын қолдану сөзсіз тиімді болмақ. Сондықтан Түркі мемлекеттері ұйымы аясында жетекші сарапшылардың қатысуымен арнайы Цифрлық мониторинг орталығын құру мәселесін талқылауды ұсынамыз», – деді Президент.

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті