Ақмая–Шиелі телімінде қызу жұмыс жүріп жатыр

Инфрақұрылым
23.10.2025, 13:02
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр елінің теміржолшылары бүгінгі таңда күрделі жөндеудің жауапты кезеңін өткеріп жатыр. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің оңтүстігіндегі үш учаскенің екеуі толық аяқталып, ендігі Ақмая-Шиелі телімінде рельс тізбектерін төсеу жұмыстары қарқын алған.

Бөлімше басшылығы назарында тұрған күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай жалғасуда. Алдағы екі толаскез кезеңінде 3 шақырымдық аумақтағы рельстік жаңарту мен жол төсемін нығайту жұмыстары тиянақталады деп күтілуде.

Жол табанын сүріп-тегістейтін ауыр техникалар: МПД, ПЛ, УК, ЭЛБ, ВПО секілді заманауи жол машиналары, қиыршық тас таситын төсеп-тегістейтін, жол табанын таптайтын жылжымалы құрам, рельс-шпал решеткаларын жеткізуші платформалар, 5 ауыр салмақты бульдозер, 2 автогрейдер, 5 автокөлік – бәрі де жол табанын жаңарту жұмысына жегілген. Құрылыс жұмыстарының басында 45 жол жөндеуші, 30-ға жуық механизатор, 6 орта буын жетекші мамандар еңбек майданында иық тіресе жұмыс атқаруда.    

 – «Integra Construction KZ» ЖШС-нің Батыс дирекциясы 2025 жылға арналған жоспар бойынша Қызылорда облысында 32,82487 км теміржолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргзуде. Қаракеткен мен Қараиірім станциялары арасында 5,5909 км,Төменарық станциясы мен Бөрітескен бекеті аралығында 8,9482 км, Екпінді бекеті мен Төменарық станциясы арасында 8,19 277 км жолға жаңа отандық релсь тізбектері  төселді. Енді Шиелі станциясы мен Ақмая бекеті аралығында 10,093 км жол жаңартылып жатыр, – дейді мердігер мекеме басшысы Дәурен Сұлтамұратов.

Шиелі – Ақмая – Екпінді учаскесіндегі күрделі жөндеу қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды