25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Маңызды инфрақұрылымдық жобалар сөз болды

Инфрақұрылым
26.02.2026, 08:32
Сурет: министрлік
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында теміржол саласындағы жоспарлар: инфрақұрылымды жаңарту мен жаңғыртуға қатысты жобалар сөз болды.

Мысалы, Қызылжар – Мойынты жаңа теміржол желісінің құрылысы, Алтынкөл – Жетіген және Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, сондай-ақ пойыздар қозғалысын басқарудың заманауи жүйелерін енгізу жалғасуда. Жобаларды 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы, биылғы жылы Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін еселеп арттыратын тағы бірнеше жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде. Атап айтсақ, Мойынты-Қызылжар, Дарбаза-Мақтаарал, Алтынкөл-Жетіген және Бейнеу-Маңғыстау бағыттарындағы құрылыс пен жаңғырту жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу көзделген. 2023- 2025 жылдары 4,3 мың шақырымнан астам жол жаңартылса, 2026 жылы тағы 1 557 шақырымды қамту жоспарланған. 

– Көлік министрлігі Мемлекет басшысының транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды жалғастыруда. 2026 жылы теміржол көлігімен тасымалдардың жалпы көлемін 343,6 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, 2025 жылғы көрсеткіш 320 млн тоннаны құраған болатын. Бұл саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, елдің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов алқа отырысында.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға да ерекше назар аударылып отыр. 2026 жылы су көлігімен тасымал көлемін 11,4 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда (2025 жылғы көрсеткіш 9,5 млн тонна), оның ішінде ТМТМ бойынша – 5,2 млн тоннаға дейін. Құрық және Ақтау порттарында түбін тереңдету және айлақ инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылып,жаңа контейнерлік терминалдар салынуда. 2028 жылға дейін қазақстандық сауда флотының санын 32 кемеге дейін ұлғайту жоспарланған. 2026 жылы 236 локомотив пен 1 373 фитингтік платформа жеткізу көзделген. Теміржол көлігіндегі жолаушылар ағынын 21 млн адамға дейін арттыру жоспарлануда, 191 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде. Stadler Rail компаниясымен ынтымақтастық аясында 2030 жылға дейін жоғары жайлылықтағы 557 заманауи вагон сатып алу қарастырылған. 

Вице-министр теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жалғасып жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша, 46 нысан бойынша жұмыстар аяқталу сатысында, ал 19 вокзалда жаңғырту жұмыстары толық аяқталған. Осылайша инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту саланың орнықты дамуын қамтамасыз етіп, Қазақстанның халықаралық көлік байланыстарын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде