Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі

Инфрақұрылым
19.06.2026, 09:02
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және сауықтыру бойынша кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Биылғы жылы негізгі бағыттардың бірі саналатын Арыс – Сарыағаш учаскесінде ауқымды жұмыс көлемі атқарылды.

Күрделі жол жөндеу жұмыстары Шеңгелді – Жылға, Жылға – Дарбаза, Монтайтас – Шағыр аралықтарында, сондай-ақ Жылға, Дарбаза және Шағыр станцияларында жүргізілді. Күрделі жөндеумен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 36,2 км құрап отыр.  

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жомарт Мырзабековтің мәліметінше, бүгінде рельс-шпал торын ауыстыру, балласт қабатын тазарту және жаңарту, жолды түзету мен тұрақтандыру бойынша негізгі жұмыстар толық аяқталған. Қазір жолды белгіленген нормативтік талаптарға толық сәйкестендіру және пойыздардың қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатындағы қорытынды технологиялық жұмыстар жүргізілуде.  

Сонымен қатар Арыс – Түркістан учаскесіндегі Қарақоңыр – Қостүйін аралығында ұзындығы 8,07 км болатын жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл жоба аталған учаскедегі инфрақұрылым сенімділігін арттырып, жолдың техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек. Ал қозғалыс көлемі төмен Шымкент – Ленгер учаскесінде бес станциялық жолға күшейтілген орташа жөндеу жүргізіліп, оның көлемі 5,8 км құрады. Атқарылған жұмыстар жолдың жоғарғы құрылымының қызмет ету мерзімін ұзартуға, пойыздар қозғалысының жайлылығын арттыруға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ Арыс-1 станциясындағы «Д» және «Е» парктерін дамыту жұмыстары ерекше маңызға ие. Бұл жоба учаскенің өткізу және өңдеу қабілетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында ұзындығы 3,4 км болатын үш жолға күшейтілген орташа жөндеу жүргізіліп, 19 жаңа бағыттама бұрмасы төселген.  

Бағыттауыштарды жаңарту жұмыстарына да айрықша көңіл бөлінуде. Биыл Шымкент жол дистанциясының басты жолдарына 5 жаңа бағыттама бұрмасы, ал Арыс жол дистанциясына 16 жаңа бағыттама бұрмасы төселді. Сонымен қатар жаңасына ауыстырылған ескі бағыттама бұрмалары қайта қалпына келтіріліп, станциялық және қабылдап-жөнелту жолдарында қайта пайдаланылуда. Осы жұмыстар аясында Шымкент жол дистанциясында 5, Арыс жол дистанциясында 6 ескі жарамды бағыттама бұрма қайта төселді. Мұндай тәсіл станциялық инфрақұрылымды кезеңкезеңімен жаңартуға, жол шаруашылығының техникалық жағдайын жақсартуға және қосымша материалдық шығындарды барынша азайта отырып, жолдардың қауіпсіз әрі тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.  

– Жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің теміржол инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртуға бағытталған жүйелі бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Жолдар мен бағыттауыш бұрмалар шаруашылығын дәйекті түрде жаңарту магистральдің пайдалану сенімділігін арттырып, тасымалдау үдерісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пойыз қозғалысы үшін қауіпсіз жағдай жасауға ықпал етеді, – деп түйіндеді сөзін бөлімше директорының орынбасары.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды