25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда

Инфрақұрылым
11.08.2026, 09:59
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары негізінде әзірленген 2023-2029 жылдарға арналған магистральдық теміржол желісі объектілерін дамыту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды мақсат етіп отыр.  

Бағдарлама ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және «тар жерлерді» жою арқылы теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруды көздейді. Осы ретте пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ компания қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау әдеттегідей, басымдыққа ие болып қалуда.  

Сонымен, темір жолдың өткізу қабілетін арттыру мақсатында біраз шаруаның басы қайырылғанын атап өткен жөн. Мәселен, Шу станциясында 4 жолдың салынуы нәтижесінде өткізу қабілеті тәулігіне 11 жұп пойыздан 20 жұп пойызға дейін ұлғайтылса, Сарышаған станциясында да 4 жол салынып, нәтижесінде станция жолдарының өткізу қабілеті тәулігіне 25 жұп пойыздан 29 жұп пойызға дейін артты.  

2023-2029 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 11 мың км теміржол жолын жөндеу көзделген. Соның ішінде 2023 жылдан 2026 жылдың 6 айына дейін жоспарланған 4 817 км орнына нақты 5 134 км жөнделіп, жоспар 106%-ға орындалып отыр. 2026 жылдың І жартыжылдығында жоспарланған 603 км орнына 686 км орындалып, көрсеткіш 114%-ды құрады. Қазір Желаево – Пойма учаскесіндегі ұзындығы 728 метр көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде.  

Жасанды құрылыстардың 30 объектісінде жөндеу жұмыстары Астана және Ақтөбе өңірлерінде мамандандырылған көпір жасақтарының құрылуы, сондай-ақ Қапшағайдағы қолданыстағы жасақтың қызметі арқасында орындалды.  

Сала мамандарының айтуынша, жасанды құрылыстарды ағымдық күтіп ұстау шеңберінде бүгінгі күні 765 ақау жойылған. Шалқар – Сексеуіл учаскесіндегі 12 станцияда диспетчерлік орталықтандыру жүйесі жаңғыртылған. Үш станцияда парктік дауысзорайтқыш хабарлау байланысы салынған. Бұдан бөлек 29 станцияда электрлік орталықтандыру жүйелері мен жабдықтары кешенді түрде жаңғыртылып, 20 қоректендіру панелі және 9 дизель-генераторлық агрегат ауыстырылды. Ал сұрыптау жүйелерін дамыту бағдарламасы шеңберінде Қарағанды-Сұрыптау станциясының жұп дөңесін жаңғыртуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде