Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды

Инфрақұрылым
04.09.2026, 09:45
Оқуға 2 мин
Сурет: Самұрық-Қазына
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Қор басшысы жаңғырту жұмыстары жүргізілген вокзалдарды аралап, әлеуметтік жобалармен танысты.  

Нұрлан Жақыпов Ақтөбедегі теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстарымен танысып, жаңартылған инженерлік жүйелер мен жолаушыларға жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды көзімен көрді.  

«Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаумен қатар, олардың сапасы жоғары және қауіпсіз болуы шарт. Жолаушылар үшін заманауи әрі қолайлы жағдайды қамтамасыз ету маңызды», – деді Қор басшысы.  

Ақтөбе вокзалында Нұрлан Жақыпов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Қазақстан темір жолы» компаниясында дуалды оқыту бағдарламасымен оқу-өндірістік тәжірибеден өткен студенттермен кездесіп, оларға еңбек кітапшаларын табыстап, өмір жолдарына сәттілік тіледі.  

Айта кетейік, Ақтөбе облысында дуалды оқыту 28 колледжде енгізілген. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқыту мен өндірістік практикадан өтіп, бұл жүйе жастарға оқу кезінде еңбек дағдыларын меңгеріп, кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда дуалды оқытуға облыстағы 1104 кәсіпорын тартылып, 8694 студент қамтылған. Оқыту 60 мамандық және 87 біліктілік бойынша жүргізіледі.  

Жалпы, Ақтөбе облысында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры 32 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Соның ішінде Қордың қолдауымен Ақтөбедегі 10 мектепте жаңа инклюзия кабинеттері ашылғанын ерекше атап өтуге болады. Сапар әрі қарай осы жобалардың бірінде жалғасып, мәртебелі қонақтар заманауи open space кеңістігі қарастырылған Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында болды.  

 

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті