Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды

Инфрақұрылым
06.10.2026, 14:08
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Елімізде 2026 жылдың 8 айында 1 056 шақырым теміржол жолы жөнделді. Жалпы, ағымдағы жылы 1 577 шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарланған. Бірқатар учаскелерде жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында көлік саласын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама теміржол инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуға, теміржол желісінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында Бейнеу – Маңғыстау және Павлодар – Семей учаскелеріндегі жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ Көкпекті – Қарағайлы, Атасу – Қаражал, Жамбыл – Жаңатас және Қарабұлақ – Текелі аз қарқынды учаскелерінде 83 шақырым теміржол жолы сауықтырылды.

2026 жылдың соңына дейін Семей – Аягөз және Мақат – Бейнеу – Маңғыстау учаскелеріндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Өзенкі – Қандыағаш, Астана – Алматы, Астана – Тобыл, Көкшетау – Қостанай, Арыс – Шеңгелді бағыттарында және теміржол желісінің басқа да учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, 2023–2029 жылдар аралығында елімізде 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарланған. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы үш жылында, яғни 2023–2025 жылдары, жоспарланған 4 353 шақырым көрсеткішінен жоғары, яғни 4 448 шақырымжол жаңартылды. Осылайша, жоспар 95 шақырымға артығымен орындалды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар теміржол желісінің техникалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым учаскелерде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы артты. Жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскелерде жолдың балдық бағалануы «жақсы» және «өтежақсы» санаттарына сәйкес келеді.

Теміржол инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту желінің сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті