Мақсат – вагон паркін ұлғайту

Инфрақұрылым
14.11.2018, 07:13

Осы жылдың 1 қарашасындағы есеп бойынша «Қазтеміртранс» АҚ-ның вагондар паркінде 53919 вагон бар. Оның жұмысқа «жегілгені» – 49516 вагон.  

Сала басшыларының айтуынша, былтырға қарағанда биыл қоғамның вагондар паркі 81 вагонға қысқарған, бірақ эксплуатациялық парк 844 вагонға көбейген. Биыл он айда вагондардың 16369-на түрлі жөндеу жүргізілген. Кәсіпорында вагон паркін күтіп ұстау шығындарын азайту бағытында және вагон паркін ұлғайту мақсатында бірқатар шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Есепті мерзім ішінде вагон паркінің сақталымына қатысты 86 бұзушылық тіркелген. Мамандар сөзіне қарағанда, доңғалақ жұптарының жетіспеушілігі мәселесі бар екен. Осыған орай, МД кеңістігі бойынша Ресейден 1268 жұп доңғалақ сатып алынған. Сондай-ақ, бақылау агенттерімен доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі қосымша келісімшарттар жасалыпты. Жалпы жыл басынан бері 136 жұп доңғалақ күрделі жөндеуден өткен.

Паркті ұлғайту бойынша басқа жұмыстарды атап айтар болсақ, осы жылы вагондарды жөндеудің өндірістік бағдарламасын 100 пайыз орындау, жалдап алушыларға вагон паркінің сақталуына қатысты талаптарды күшейту көзделіп отыр. Сонымен бірге тораптардың айналым қоры мен вагон бөлшектерін жарамдылық мерзімін созуға келмейтін вагондарды бөлшектеу есебімен көбейту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, ресейлік бақылау агенттерімен Ресей аумағындағы ҚТТ вагондары бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу, Ресей аумағындағы жұп доңғалақтарға күрделі жөндеу жүргізуді арттыру, өндіріске отандық тауар өндірушілер өнімдерін әкелу үшін 12-9920, 12-9941 үлгісіндегі ашық вагондарға арналған тораптар мен бөлшектер атауының тізімін ұлғайту алдағы күн еншісіндегі шаруалар легінен болып отыр.

Ұлан ОРАЗ


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?