Машинистер қысқа дайын ба?

Инфрақұрылым
15.11.2018, 11:43

Қызылорда локомотив пайдалану депосы ұжымы алдағы қыс маусымына локомотив паркін, депо шаруашылығы мен мамандар дайындығын 100 пайыз қамтамасыз етті деп хабарлайды депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Жанатбек Жүнісов.   

  Депо бойынша қыс маусымына дайындық жұмыстарының тақырыптық жоспары түзіліп бекітілген. Сол бойынша барлық жоспарлы жұмыстар атқарылып, оларға бақылау жасалды. Сонымен қатар тепловоздарды қысқы маусымға көшіру барысында тепловоздың автотежегішін игеруді практикалық тұрғыдан меңгеру, өрт сөндіру ережелерін пысықтау сабақтары қосымша өткізіліп, қайта сынақ тапсырылуда. Қыс маусымын алғаш теміржолда өткізетін теміржолшылармен арнайы сабақтар өткізіліп, олар әдеттегідей тәжірибелі мамандарға бекітіліп берілген. 

– Депоның инвентарлық паркінде барлығы 36 тепловоз бар, оның 21-і магистральдық тепловоз болса, маневрлік жұмыстарға 15 тепловоз белгіленген. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыру мақсатында тепловоздардың барлығы АСУ-ЭДТ құрылғысымен жабдықталса, РПЛ мен КЛУБ-У құрылғыларымен 12 тепловоз жарақталған. Қар тазалайтын СДПМ машинасымен жұмыс жасайтын екі тепловоздың АЛСН кодын қабылдап бейімделуі сынақтан өткізілді. Тепловоздарға қажетті жанар-жағармайлардың бәрі толығымен қамтамасыз етілген және жеткілікті қормен қамтылған, – дейді депо басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Жанатбек Жүнісов.

Депода бүгінгі таңда барлығы 328 машинист еңбек етеді. 25 машинист – бірінші санатты, 87 – екінші және 162 машинист үшінші санатты. Сонымен қатар 321 машинист көмекші, локомотивтерге ТО-2 қызметін жасайтын 23 слесарь бар.

Шиелі мен Қазалы станцияларында айналым деполары бар Қызылорда локомотив пайдалану депосының ғимараттары түгел жылумен қамтамасыз етілген. Шиелі айналым депосын жылытуға қажетті 101 тонна көмір қоймаға түсіріліп, қалған 233 тонна отын қоры әлі де жеткізілуде. Шиелі станциясындағы машинистердің демалыс үйінің жылыту пеші қажетті 48 тоннаға жуық дизельді отынмен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда қыс маусымы үшін деполарға қажетті жанар-жағармай толығымен жеткізілген.

 Сонымен қатар, жеке құрамның қыстық киім-кешекпен қамтылуында да кедергі жоқ. Мәселен, қазіргі таңда теміржолшыларға керекті 7491 жұп қолғап, 727 бәтеңке, 535 құлақшын, 365 дана жылы етік пен 210 дана гудок костюмі машинистердің сұранысына орай үлестірілуде екен.

Дегенмен, «әттеген-ай» да жоқ емес. Мәселен, басшылықты Шиелі айналым депосында локомотив бригадаларының демалыс үйінің 2006 жылдан бері жөндеу көрмей келе жатқаны алаңдатады. Ғимараттың іші және сырты жөндеуді талап етсе, кәріз жүйесіндегі қысымды көтере алмай жиі тесіліп, істен шығатын металл құбырлар, канализациялық насос станциясы жаңасымен ауыстыруды қажет етеді.

Айта кетейік, Мұсаев Жұлдызбай басқаратын Қызылорда локомотив пайдалану депосында барлығы 800-ден астам адам еңбек етеді. Депо Түркістан мен Сексеуіл арасындағы 800 км астам телімде жүк және жолаушы құрамдарын тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді.   

Локомотив пайдалану депосының машинистері ағымдағы жылдың өткен 10 айында 8400 жолаушы пойызына қызмет көрсетіп, 9000 жүк пойызымен 12 миллион 449 мың 724 тонна-км-брутто жүк тасымалдаған. Жүк пойыздарының орташа салмағы шамамен 3300 тонна-км-брутто болған. Яғни, жүк тасымалдау бойынша он айлық 10994,906т.км.брутто жоспарын 113, 23 пайызға орындап, 12449,724 млн т.км.бруттоға жеткізген.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген Өмірбай Түменбай 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?