Жетібай станциясы: мұнайдан басталған тарих

Инфрақұрылым
17.04.2019, 12:44

Маңғыстау ЖТ бөлімшесіне қарасты төртінші класты Жетібай станциясының тарихы өткен ғасырдың 60 жылдары киелі түбекте мұнай өндіріле бастаған кезеңнен бастау алады. Өзен – Маңғыстау теміржолының бойында орналасқан байырғы станция содан бері «қара алтын» мен газ өнімдерін болат жол арқылы тасымалдауды ұйымдастырып келеді.

Станция бастығы Дүйсенбай Бердімбетов былтыр ғана тағайындалса да, қолынан іс келетінін танытып үлгерген жастың бірі. Мысалы, оның басшылығымен одақ тарағалы жөндеу көрмеген станция ғимараты күрделі жөндеуден өтіпті. Ғимараттың шатыры жаңартылып, іші мен сыртына косметикалық жөндеу жүргізілген, қабырғалары қайта сыланып, линолеум төселіп, жаңа жиһаз алынған. Кабинеттерге керме төбелер жасалып, ғимараттың сыртқы ауласы цементтеліп, күрделі жөндеуден кейін тынысы ашылып, көркі келіскен кеңседе жұмыс жасаудың өзі көтеріңкі көңіл күй сыйлайтыныны жасырмайды станциялықтар. Бүгінде мұнда басшымен қоса 5 кезекші, 3 тауар кассирі, 3 жүк қабылдап, тапсырушы еңбек етеді.

– Осы жыл басынан бері Жетібай станциясына 60 вагон пойыз келіп, жүк түсірілсе, бізден 37 вагон жүк тиеліпті. Тиелетін жүктердің көбісі және негізгісі – шикі мұнай және мұнай қалдықтары, олар Ресейге бағытталады. Ал келетін жүктер мұнай құбырлары мен жем және құрылыс материалдары, – дейді станция бастығы.

Жақында көктемгі комиссиялық тексерумен Жетібайға соққан комииссия мүшелері бекеттің берекелі тірлігіне риза болған. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов бар болғаны 15 адам еңбек ететін станцияда ауқымды істер тындырылғанын жеткізді.

– Бүкіл түбек темір жолының негізі осы Жетібай станциясынан басталады. 1961 жылы 5 шілдеде Жетібай кентіне жақын жерде алғашқы мұнай бұрқағы атқылаған болатын. Сөйтіп ұшқан құс, жыбырлаған жәндіктен басқа адам баласы тұрмайтын аптап өлке, маң далаға тіршілік бітіп, бұл жер өндірістік-стратегиялық аймаққа айналды. Үш жылдан кейін темір жол салынады. Мұнай мен темір жолдың арқасында Маңғыстау түбегінде қала мен жұмысшы поселкелері, теңіз жұмыс орындары, әуежайлар мен зауыттар және фабрикалар пайда болады. Станцияның бүгінгі басшысы Дүйсенбай Оспанұлының алғашқы аяқалысы көңілден шығып, бізді қуантып отыр,– дейді Ерлан Бүркітов.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды