Көлік бағдарларын дамытуға арналды

Инфрақұрылым
14.06.2019, 11:43

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Бакуде өткен «Көлік, Транзит және Логистика (TransCaspian/Translogistica») халықаралық көрмесі шеңберінде «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» атты конференцияға ҚТЖ өкілдері де қатысты. 

«Бір белдеу – бір жол: даму келешегі» бастамасы» конференциясының сессиясына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов қатысып, көліктіклогистикалық қызметтердің сан түрлі спектрінде қызмет көрсетіп, еліміздің көлік әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік стратегияны жүзеге асырып отырған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметі туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда қалыптасқан инфрақұрылым – халықаралық Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік, ТРАСЕКА – Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) (Middle Corridor) көлік дәліздері бойынша тасымал көлемін өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Осы ретте, қытайлық «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен тоғысатын «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасының табысты іске асырылуы транзитті дамытуға қолайлы жағдайлар жасауда. Сонымен қатар жүк ағынын тарту және қолданыстағы инфрақұрылым тиімділігін қамтамасыз ету үшін пойыздарды оңтайлы және шапшаң өткізу бойынша шаралар қабылдануда.

Ұлттық компанияда көліктіклогистикалық шығындарды оңтайландыру, тасымалды ұйымдастыру, көрші мемлекеттердің теміржолдарымен, жүк жөнелтушілерімен, тариф саясаты мәселелері бойынша логистикалық провайдерлермен өзара әрекет етуге ерекше көңіл бөлінген.

Стратегиялық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарына қатысушылармен бірлесе жұмыс істеуді атар едік. Қазақстан аумағы арқылы Еуропадан Қытайға кері тауар ағынын ұлғайту және Middle Corridor-дың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін төмендетілген коэффициенттер белгіленген.

ҚТЖ өзінің инфрақұрылымын және халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, транзиттік тасымал өсімін қамтамасыз ету, төменгі шығынмен қазақстандық өндірушілердің өнімдерін экспорттау, клиентке бағдарланған деңгейді арттыру үшін сервисті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды