Жолшыларға сұраныс жоғары

Инфрақұрылым
15.11.2019, 15:28
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Өткен айдың соңында Шымкент жол дистанциясында күзгі комиссиялық тексеру өткені белгілі. Осыған орай, аталған мекеменің бастығы Н. Алиевтің төрағалығымен өткізілген қорытынды жиында жол шаруашылығына байланысты бірталай кемшіліктердің беті ашылғаны мәлім болды.

Дистанция бойынша жер төсемдері, жасанды құрылыстар, өндірістік-техникалық ғимараттар мен темір жол алабын, еңбек қорғаудың жай-күйі кеңінен талқыға салынып, кемшілікке жол бергендер жауапқа тартылған. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол дистанциясының тұрақты да үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жауапты жолшылар қалай жұмыс істеген дегенге келсек, 9 қыркүйекте басталып, 25 қазанда аяқталған күзгі комиссиялық байқау кезінде дистанцияда арнайы үш комиссия жасақталып, бірінші комиссия негізгі бас жолдардан 117, 93 км, станция жолдарынан – 37,3 км, 164 бағыттама бұрмаларды тексерген. Екінші комиссия – негізгі бас жолдардан – 109,3 км, станциялық жолдар – 52,4 км, 198 жиынтық бағыттама бұрмаларды, ал үшінші комиссия – негізгі бас жолдардан 145,77 км, станция жолдарынан – 41,2 км, 166 бағыттама бұрмалар жиынтығын мұқият қарап шыққан. Тексеру барысында сала мамандары басты назарда жолдың шпал асты лайланған учаскелерін, бунақтарды бекіту қысқыш және ендірмелі бұрандаманың тартылу күші мен бунақтардың бойлық бағыттағы жылжып кеткен-кетпегеніне баса назар аударған. Сондайақ, жолдан шыққан жол үсті жарамсыз материалдар бір жерге жинастырылып, өндірістік-техникалық ғимараттар мен темір жол алабы эстетикалық талаптарға сәйкес келтірілуін назарға алған. Түйіспесіз жолдардың температуралық режимге дұрыс бекітілуі, рельс тізбегі мен ажыратқыш түйіспелердің жағдайы, жол белгілерінің, сым қоршаудың жағдайлары да назардан тыс қалмады. Нәтижесінде комиссиялық тексеру барысында 5718 кемшілік анықталды. Таратып айтсақ, негізгі бас жолдардың жарамсыз шпалдарының саны – 6203 ағаш, 5124 темірбетон шпал, барлығы – 11327 дана. Станция жолдарының жарамсыз шпалдарының саны – 7135 ағаш, 1645 дана темірбетон шпал, барлығы – 8780 дана. Рельс саңылауларын ретке келтіру – 4,1 км, жолдың ығысуын ретке келтіру – 3,2 км, жолдың шегесін қағу – 2,3 км, қысқыш және ендірмелі бұрандамаларды бекіту – 7,9 км, басқа да балластың жетіспеуі, рельс табанындағы жарамсыз резиналық төсемдер, т.т. кем-кетік белгілі болған. Бұдан басқа, күзгі комиссиялық тексеру барысында 1, 2, 4, 6, 8, 10, 11, 12, 14 айналымдарда көптеген кемшіліктер анықталыпты. Атап айтқанда, бірінші айналымда 413 кемшілік, екінші айналымда 37 кемшілік, бесінші айналымда 667 кемшілік, алтыншы айналымда 356 кемшілік, оныншы айналымда 565 кемшілік, он бірінші айналымда 200 кемшілік анықталған, он екінші айналымда 420 кемшілік, он төртінші айналымда 583 кемшілік есепке алынған. Комиссиялық тексеру негізінен жарамсыз ағаш шпалдар, белдіктер, рельс табанындағы жарамсыз резеңкелер, шпалдарды айдау, шпал астының құрғақ лайының тазаланбауы, жол түзету жұмыстары, түйіспе саңылауларын ретке келтіру жұмыстары толығымен жүргізілмеген деген қорытындыға келді. Бұл жағдайлар жоғарыда айтылған айналымдардың жол шеберлері мен жол бригадирлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандығынан жіберіліп отырғаны қадап айтылды. Табылған кемшіліктерді уақытылы жою үшін ісшара және күнтізбелік жұмыс жоспары жасалып, 5718 кемшіліктің тең жартысы табанда жойылып, қалғанына белгілі уақыт берілген. Сондай-ақ, кемшіліктерге жол бергені үшін телім басшылары Б.Маденов, А.Теңізбаев қатаң сөгіс, жол шеберлері Т.Өскенбаев, Н.Абдраимов, С.Жаманқұловқа, А.Садыбековке, А.Көлбаев, А.Үсенов, Д.Төлемісовке ескерту, жол шеберлері К.Ағыбаев, Ж.Абилов, М.Нұрашевқа сөгіс, телім басшылары Н.Байтықов, К.Халымбетовке, жол шеберлері П.Жанаш, К.Жоланов, А.Садыбековке қатаң сөгіс жарияланды. «Күзгі байқауда анықталған кемшіліктерді уақытылы жою үшін арнайы күнтізбелік жоспар және іс-шаралар бекітілді. Кем-кетікті толығымен жою үшін қажетті материалдар мен машина-механизмдер тізбесі жасалып, қамтамасыз етуді сұрап, жол және құрылыс департаментіне тиісті құжаттар жібердік», – дейді дистанция басшысы Н.Алиев. 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды