416 шақырымды құрайтын жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленген

Инфрақұрылым
14.04.2020, 10:39
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және теміржолдарды жаңғырту мақсатында теміржол инфрақұрылымының күтіміне ерекше көңіл бөліп, жолаушылар және жүк пойыздарының кедергісіз жүріп тұруына жағдай жасайды. Әсіресе, бүгінгі таңда контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға, транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін ұлғайтуға айрықша басымдық беріліп отыр.

Биыл ұлттық компания тарапынан жаңа материалдарды пайдалана отырып, жалпы көлемі 416 шақырымды құрайтын жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленген. Құрылысты компанияның көп жылғы сенімді серіктестері, жол жөндеудің қыр-сырын бес саусақтай меңгерген, тәжірибесі мол екі мердігер компания «Теміржол жөндеу» және «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізеді. Олармен келісімшарт жасалып, «Integra Construction KZ» ЖШС биылға межеленген жұмыстарына кірісіп, Алматы магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Бескөл жол дистанциясының телімінде 1 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп те үлгерді.

– Магистральдық желі дирекциясында қабылданған өндірістік бағдарлама шеңберінде өткен жылы 952 км жолдың үстіңгі қабаты сауықтырылып, соның ішінде 403 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жұмыс көлемі осы көрсеткіштен 13 шақырымға артық, яғни 416 км. Үстіміздегі жылы Екібастұз, Семей, Аягөз жол дистанцияларында жүргізілетін 52 шақырымнан басқа телімдердегі күрделі жөндеу жұмыстары транзиттік дәліздер еншісінде. Өткен жылы транзитік бағдарларды қамтитын телімдер бойынша 249 км жол күрделі жөндеуден өтіп, бұл көрсеткіш жылдық көлемнің 62% құраған болатын, – деп ақпар берді Жол және құрылыстар департаментінің күрделі жөндеу жұмыстары жөніндегі бас менеджері Саят Бәкіров.

Оның айтуынша, 70,1 км темір жолға күрделі жөндеу жұмыстарын «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы жүргізеді екен. Бұл мекеменің де күрделі жөндеу жүргізудегі тәжірибесі мол, техникалары жеткілікті, жұмысшылары машықтанған. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында қолданылатын материалдардың басым бөлігі өз елімізде шығарылады. Негізгі материалдар әрине, Ақтөбе рельсарқалық зауытының, ал бекітпелердің басым бөлігі неміс пен ресей өнімдері. Күрделі жөндеу жүргізілген телімдерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км дейін артады деп күтілуде.

Жалпы, Магистральдық желі дирекциясы осы жылға алға қойған міндеттің бірі контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 1150 шақырымға дейін жеткізу болатын. Осы ретте, өткен жыл дерегіне көз жіберсек, былтыр 9000 км жолға жол машиналары кешенімен жазғы жол жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесі жолаушылар пойыздарының жылдамдығын 1105 км жолда, Тұлпар-Тальго вагондарынан құралған жүрдек пойыздарда 596 шақырымда, ал контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын 1873 шақырымда арттыруға мүмкіндік берген еді.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?