Теміржолсу-Қызылорда мекемесі биылғы жылу маусымын бастады

Инфрақұрылым
26.10.2020, 18:35
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақ тұрғындарын таза ауыз сумен және қажетті жылумен қамтамасыз ететін Теміржолсу-Қызылорда мекемесі биылғы жылу маусымын бастады. Олар науқандық шараны жан-жақты дайындықпен өткізіп, тұтынушыларына жылуды дер кезінде қосты.

Жылу берілмес бұрын желілерін қысымды ауамен тазартып, керекті жерлерде күтім, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар станциялардағы қазандықтарын жаңарту жұмыстары жүргізілген. 

Мекеме теңгеріміндегі 8 жылу қазандығының барлығы, оның ішінде көгілдір отынмен жұмыс жасайтын 5 қазандық қазан айының 15 жұлдызынан бастап тұтынушыларды жылу қуатымен қамтамасыз етуге кірісті. Дәл қазіргі ауа температурасының райына орай жылу желілерінен 0,363Гкал көлеміндегі жылу қуаты тұтынушыларға берілуде екен. 

 Теміржолсу-Қызылорда мекемесі басшысының орынбасары Насыр Абдуллаұлының айтуынша, қазандықтар бірте-бірте көгілдір отынға көшірілуде екен. 

 – Шиелі станциясында Пост ЭЦ мен ПЧ ғимараты 2016-17 жылдары газға көшіріліп, жылу қазандығы көгілдір отынмен жұмыс жасауға ауысқан. Жаңақорған станциясындағы жылу қазандығы 2018 жылы, Белкөл станциясындағы жылу ошағы 2019 жылы көгілдір отынға қосылса, биыл Тереңөзек бекетіндегі жылу қазандығын газға қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу қазандықтарында болуы мүмкін апатты жағдайдың алдын алу үшін газ иісін анықтайтын газ дабылы құрылғысы орнатылды. Алғашқылардың қатарында газға қосылған қазандықтардың жұмысының тиімділігі байқалады. Газ қазандығында жұмыс жасайтын от жағушы-машинистер де қазір едәуір тәжірибе жинақтап, жаңадан газға қосылған қазандықтағы әріптестеріне үйретіп жүр, олар – машинист-от жағушы жаңақорғандық Бекболат Абдуллаев, шиелілік Марат Баржақсиев сынды өз ісінің мамандары әрі тәжірибелі теміржолшылар. Жалпы биылғы жылу беру маусымы ертелеу басталса да тұтынушаларымызды жылумен қамтамасыз етуге кірістік және жылуға деген сұраныс әрдайым толық қанағаттандырылады, – деді Насыр Абдулла. 

Шиелі, Жаңақорған және Белкөл бекеттеріндегі қазандықтар көгілдір отынға көшірілгендіктен қоршаған ортаға таралатын зиянды заттар едәуір азайған. Жұмысшылардың санитарлық-гигиеналық жағдайы да жақсарған. Көгілдір отынға жұмсалатын қаражат қатты отынға жұмсалатын қаржыдан 40 пайызға дейін үнемделетін көрінеді. Тереңөзекте қазандық газға көшірілгенге дейінгі қажетті көмірдің 5,5 тоннасы қоймаға жеткізіліп, жылу берілуде екен. 

Мекеме теңгеріміндегі өзге қазандықтарға керекті қыстық көмір отынының қоры жеткілікті, осыған дейін тиісті құрылымдармен келісім негізінде іс-шаралар уақытылы атқарылған. Нәтижесінде Төретам станциясындағы жылу қазандығына 140 тонна көмір, Жосалы станциясына 139,5 тонна және Жалағаш бекетіндегі қазандыққа қажетті 134 тонна қатты отын қоры жеткізіліп, қоймаларға түсіріліп алған. Сонымен қатар алдағы уақытта 3 жылу қазандығын көгілдір отынға көшіру жұмыстары да жоспарлануда екен.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда