ҚТЖ отандық өнім өндірісін қолдайды

Инфрақұрылым
02.07.2021, 12:00
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ озық технологияларды тарта отырып, темір жол өнімдерінің отандық өндірісін ұйымдастыруға жәрдемдесу арқылы активтерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Оның жарқын көрінісі, елімізде отандық жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздары, вагондары құрастырылып, жолдың үстіңгі қабаты материалдары, рельстер, бағыттамалы бұрмалар, айқастырмалар, темірбетон шпалдар, рельс бекітпелері, т.т. шығарылып жатыр. Ірі теміржол техникаларын құрастыруға қатысты ірі жобалар өз кезегінде, теміржол өнімдері өндірісінің дамуына серпін беріп отыр. Қазіргі уақытта теміржол машиналарын жасау саласында 200-ден астам кәсіпорын еңбек көрігін қыздырып, 12 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Өндірілетін өнімдегі қазақстандық қамту деңгейі 30%-дан 80%-ға дейінгі аралықты құрауда. 2025 жылға дейін Компания тобы 242 локомотив, 2600-ден астам жүк және 400-ге жуық жолаушылар вагонын, сондай-ақ, 200 мың тоннадан астам рельс сатып алып, 3 мың шақырымнан астам жолға жаңа рельстерді төсей отырып, күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отыр.

– Республикамызда темір жол өнімдерін локализациялау және өндіру деңгейін арттыру аясында Компания темір жол жиынтықтауыштарының негізгі номенклатурасына: мәселен, тартымдық қосалқы станцияларға арналған жоғары вольтты жабдықтар; локомотивтерге арналған тұтас таптамалы дөңгелектер мен құрсаулар, құйма бұйымдары мен резервуарлар; аккумуляторлық батареялар; композиттік материалдардан жасалған бұйымдар; радиобайланыс, теміржол автоматикасы жүйелері, тағы басқаларына қатысты импортты алмастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін өткізіп тұрады. Отандық өндірушілерге кооперацияны күшейту жолымен барынша локализациялау міндеті қойылған. Осыған орай, Компания заманауи материалдардың жаңа түрлерін пайдалану және теміржол өнімдеріне эксплуатациялық сынақтар жүргізу бойынша техникалық шешімдерді қарастыруда», – дейді ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев.

Бас инженердің айуынша, локализацияның негізгі бағыттары бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен өндіруші зауыттардың басшылары кіретін жұмыс топтары құрылыпты. Бұл жұмыс топтары қазіргі жағдайда келесі мәселелерге басымдық беру қажет деп санайды. Бірінші, мемлекет тарапынан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті қолдау жөніндегі жүйелі шараларды одан әрі іске асыру, себебі қазіргі кезде конструкторлық бюро отандық кәсіпорындардың ең осал тұсы болып тұр. Тек бірен-саран кәсіпорынның өзіндік әзірлемелерді жасауға арналған конструкторлық бюросы бар. Екінші, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында ауқымды кооперация және өндірістік тізбектерді құру. Өйткені, отандық машина жасаудың негізгі проблемаларының бірі, өндірілетін бұйымдардың жоғары өзіндік құны болып отыр. Үшінші, өндірушілер тарапынан өндірілетін өнімнің сапасын арттыру болмақ. Компания техникалық кедергілерді жою, халықаралық және ұлттық талаптарды үйлестіру мақсатында техникалық реттеу және стандарттау саласында жұмыс жүргізіп, теміржол көлігі бойынша халықаралық ұйымдардың қызметіне белсенді қатысуда. Әсіресе, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу техникалық регламенттердің нормаларымен өзара байланысты стандарттармен жұмыс істеуде айтарлықтай жұмысты талап етіп отыр. Оның базасында құрылған «Темір жол көлігі» №40 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің барлық мемлекетаралық стандарттар жобалары бойынша позициясы ГОСТ жобаларына байланыстыра отырып, қолжетімді болуда.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды