Соқпағы көп Жаңатас станциясындағы жолды күтудің қыры мен сыры

Инфрақұрылым
16.07.2021, 14:11
Асхат Райқұл

Жамбыл жол дистанциясының Жаңатас станциясындағы өндірістік телімі қиын да күрделі учаске саналады. Тау ішінен тартылатын қос рельстен жүк тасымалы қай кезде де толастаған емес. Әсіресе, «Қазфосфат» ЖШС өндірген фосфор рудалары күн демей, түн демей ағылып жатады. Соңғы жылдары оған «ЕвроХимнің» жүк вагондары қосылды. Сондықтан пойыздардың қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін жолшы- лардың жұмысы жылдың төрт мезгілінде де қызу жүріп жатады. Жаңатас теліміндегі 5-ші бригаданың жетекшісі Дүйсен Түсіпов осы салада 36 жылдан бері еңбек етіп келеді.

«Біздің жұмыс ешқашан біткен емес, жазда жол жөндеу, қыста қар күреу, жолдарды ашу. Жаңатастың табиғаты қатал, қарлы бораны көпке аян. Жолдарды жауып тастайды. Ондай кезде бригада-бригада болып, қар күреуге жұмыламыз. Әсіресе, Қаратау сілемдерінің арасымен өтетін теміржолдардан пойыздар кедергісіз өту үшін көп жұмсаймыз. Ал күн жылына жол жөндеу жұмыстарынан бөлек, жолды жауып қалатын шөп жұлу науқаны басталады», – дейді Дүйсен Күзенбайұлы.

Қазіргі таңда бұл бригадада төрт жолшы еңбек етеді. Олар Қали Тынымбаев, Талғат Кенбаев, Сәбит Өмірәлиев, Қанат Әбусабыров. Қай-қайсы да өз істерінің кәсіби мамандары саналады. Жолшылар бригадасы күнделікті рельстерді арнайы шаблонмен тексереді. Босап қалған тұстарын кілттерімен тартып, қайта қағады. Кеңейіп кеткен жері болса, оны қайта түзеп, бірдейлігіне назар аударады. «Қазақстан темір жолы» компаниясының құрамында жұмыс істеу қазіргідей дағдарыс кезеңінде бізге үлкен демеу, қамқорлығын үнемі сезінеміз. Айлық жалақымыздан бөлек, кәсіподақтың тарапынан әлеуметтік пакеттер, материалдық көмектер ұсынылып тұрады. Тіпті, отбасылық қуаныштарымызда, қиындықтарымызда бастауыш кәсіподақ ұйымының жәрдеміне арқа сүйейміз», – деп өз ойымен бөлісті Қанат Әбусабыров. Дәл қазіргі кезде бригада Жаңатас станциясының аумағындағы жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуде екен. – Жолдағы жарамсыз шпалдарды ауыстырып жатырмыз. Соңғы кезде жолдарға бетон шпалдар қойылып жатыр, күндердің күнінде бізге де жетер. Қазірше жолдарда ағаш шпалдар, оны ауыстыру бізге оңай. Өйткені, 70-80 килограмм ғана салмағы. Ал бетон шпалдар 250 килограмм тартады. Алайда, қазіргі заманауи технологиялар көп жұмысты жеңілдетіп берді ғой. Рельстерді тартатын болсақ та, шебіндерді төсеп, тегістейтін болсақ та, арнайы қондырғыларды алдырамыз. Олар жұмыстың сапасын да арттырып, жедел бітуіне де септеседі. Ілгеріде барлығын 10-15 жолшы жүріп қолмен, қарапайым техникалармен атқаратын едік, – дейді Дүйсен Түсіпов. Жаңатастық жолшылардың бір күнгі жұ- мысына куә болып, қыс болса желдің өтінде, қардың астында, жаз болса күннің ыстығына қақталып шаруаларын шатқаяқтатпай жүрген жолшылардың әр күнгі жұмысы ерлікпен пара-пар екеніне көз жеткіздік. «Арагідік Түркісіб, Ақшолақ, Малдыбай станцияларының телімдеріне де жұмыс сапарымен барып, жөндеу жұмыстарына атсалысамыз. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы болғасын бір бірімізге көмек қолын созып, жолшылар абыройы үшін аянбақ емеспіз», – деген Дүйсен Күзембайұлының сөзінен кейін сары күртеше киген жолшылар жұмысына сәттілік тілеп, Жаңатастан аттанып кеттік.

Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі