Соңғы үш жылда компания теміржолшылардың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге бөлді

Сұхбат
06.02.2024, 10:51
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеровпен сұхбатымыз Компанияның өткен жылдағы жұмыс қорытындысы, қаржылық көрсеткіші, биылға жоспарланып отырған мәселелер төңірегінде өрбіді.

– Даир Әділбекұлы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өткен жылды қаржылық көрсеткіш жағынан қалай қорытындылады? Қандай тасымал түрлерінен кіріс көбірек түсті?  

– Компания 2023 жылды өз қызметінің барлық бағыттары бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады. 2022 жылға қарағанда кірістер жүк тасымалы бойынша 32,7%-ға, жолаушылар тасымалы бойынша 15%-ға өсті. Бұл ретте кірістің өсу қарқыны шығыстардың өсу қарқынынан айтарлықтай асып түсті, бұл таза пайда көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік берді. Алынған табыс ең алдымен өндіріс персоналы арасында қолайлы климатты сақтауға және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған. Жалпы табыстың 34%-ын құрайтын жалақы 29%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда 150 миллиардқа артық төленді. Негізгі қорларды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге 379 млрд теңге (жалпы кірістің 20%) жұмсалды. 2023 жылға арналған жұмыс нәтижелері бойынша алынған таза пайда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, негізгі құралдарды ұстауға және жаңартуға бағытталатын болады.  

– Компания тарапынан қаржыланған жобалар: цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту, локомотив/вагон паркін жаңартудың Компания үшін маңыздылығына тоқталып өтсеңіз...  

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның инвестициялық қызметі теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тасымалдау қызметінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға бағытталып отыр. Осыған орай, 2023 жылы темір жол инфрақұрылымын дамытуға және жылжымалы құрамды жаңартуға қатысты қомақты инвестиция бөлінген жобаларды атап өткен жөн. Мәселен, былтыр Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы бойынша қарқынды жұмыстар жалғасты; Дарбаза-Мақтаарал, Бақты-Аягөз теміржол желілерінің және Алматы теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісінің құрылысы басталып, Сиань қаласында жүк терминалы салынды. Бұдан бөлек инфрақұрылымды жақсарту мақсатында өткен жылы 557 км жолда жоғарғы құрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өңдеудің балама түрлерін қолдану арқылы 405 км жол жөнделді. Компания кірісінің негізгі бөлігін жүк тасымалы құрайды дедік, ал тасымал үздіксіз жүзеге асуы үшін жылжымалы құрамды жаңалап отыру қажет. Міне, осы бағытта да үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, 113 бірлік локомотив сатып алынып, 63-не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді; сондай-ақ 635 бірлік жүк вагондары сатып алынды, ал 5 370 бірлігі күрделі жөндеуден өтті. Теміржол көлігін пайдаланатын жолаушыларға да қолайлы жағдай жасау – Компания ұстанған басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта былтыр 102 бірлік жолаушылар вагондары сатып алынып, 25- не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, теміржол инфрақұрылымын жаңарту мен қалпына келтіруге, көлік логистикасын дамытуға және қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар іске асты.  

– Өткен жылы теміржолшылардың жалақысы қанша пайызға көтерілді, жалпы жалақыға кеткен қаржы мөлшері қандай?  

– 2023 жылы желілік персоналдың жалақысы 20%-ға, яғни 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға, 1 наурыздан бастап 15%-ға өсті. Жалақы өсіруге компания тарапынан 86 млрд теңге бөлді. Жалпы, соңғы үш жылда компания теміржолшылардың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге бөлді.  

– Даир Әділбекұлы, ҚТЖ компаниясы жыл сайын өз қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетіп, осы бағыттағы түрлі іс-шараларға да қомақты қаржы бөлетіні белгілі. Осы ретте, Ұжымдық шартта қарастырылған әлеуметтік пакет бойынша жұмсалған қаржы туралы айтып берсеңіз...  

– Компания тобы бойынша 2023 жылы қызметкерлерді сауықтыруға бюджет бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Санаторийлерде 10 000-ға жуық жұмысшы мен зейнеткер сауықтырылды. Сонымен қатар былтыр Компания бойынша 7-13 жас аралығында балалары бар 6333 жұмысшыға Қазақстан бойынша 17 балалар лагеріне жолдама берілді. Ұжымдық келісімшарт бойынша Компания жолдама сомасының 90%-ын, ал сала қызметкері 10%-ын ғана төлейді. Сауықтыру орталықтарына дейін және кері қарай балалар үшін жол шығынын «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы көтерді. Яғни теміржолшы отбасының балалары тегін жол жүріп, демалып келді. Осылайша, балаларды сауықтыру іс-шарасына 677 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Компания балалардың жүріп тұруы, сауықтыру орындарында болған кезінде медициналық сақтандыру қызметтерін де көрсетеді. Қазіргі уақытта 2024 жылға арналған бекітілген бюджетте теміржолшыларды әлеуметтік қолдауға шамамен 20 млрд теңге көзделген, оның ішінде келесі бағыттар бойынша – ерте зейнетке шығу (салалық жәрдемақылар) – 5,6 млрд теңге; емделуге, бала тууға, жерлеуге және тіс протездеуге материалдық көмек – 1,9 млрд тг; балалар демалысы, балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар мен ертеңгіліктер – 2,4 млрд теңге; санаторий-курорттық сауықтыру-2,5 млрд теңге; темір жол жүру шығындарын өтеу, көлікпен және тұрғын үйді жалға алу үшін – 1,3 млрд теңге; халықаралық әйелдер күніне және көлік қызметкерлері күніне (зейнеткерлерге) біржолғы сыйлықақылар – 730 млн тг; спорттық іс-шараларды өткізу – 574 млн тг; зейнеткерлікке шығатындарға біржолғы өтемақы – 572 млн тг; басқа да әлеуметтік жеңілдіктер (балаларды қорғау күніне, отбасы күніне, некені тіркеуге байланысты көмек және т. б.) – 2,9 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылып, бекітілгенін білесіздер. Осыған байланысты жалпы бекітілген әлеуметтік жеңілдіктер мөлшері тағы да 5 млрд теңгеден астам сомаға ұлғаятын болады.  

– Теміржолшыларды ынталандыру, материалдық қолдау, яғни рацұсыныс, КТУ, оқыту бағдарламалары сияқты іс-шаралары да қомақты қаржыны қажет етсе керек...  

– Әлбетте. Еңбекке қатысу коэффициенті (КТУ) қағидаты бойынша өндірістік персоналға сыйлықақы беруді дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. Сыйлықақының аталған түрін енгізу 2020 жылдан басталған болатын. Қазіргі уақытта өндірістік персоналдың 87%-ы бұл сыйлықақымен қамтылды. 2024 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін барлық негізгі өндірістік персоналды ағымдағы сыйлықақымен қамту жоспарлануда. 2023 жылы КТУ бойынша нақты шығындар 14,8 млрд теңгені, рационализаторлық қызметтер үшін бөлінген қаржы көлемі 25 млн теңгені құрады. Компания өз қызметкерлерінің кәсіби, жеке, іскерлік және басқарушылық құзыреттерін дамыту бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Компанияның еліміздің әр өңірінде орналасқан бес оқу орталығы жұмыс істейді. Олардың негізінде 2023 жылы 22 034 қызметкер оқытылды, ал есепті жылы оқудан өткен қызметкерлердің жалпы саны 38 918 қызметкерді құрап, жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрады. Қоғамның әрбір қызметкерінің кәсіби және жеке әлеуетін арттыру, сондай-ақ өндіріс менеджерлерін оқыту және құзыреттіліктерін дамыту жүйесіне жаңа тәсілдер енгізу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, тұрақты өзгерістер жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылы кәсіпорынның 33 бас инженері «Алғы шеп», 53 машинист-нұсқаушысы «Кәсіби шамшырақ» және 85 жол қозғалысы қауіпсіздігі ревизоры «Қауіпсіздік сақшылары» корпоративтік даму бағдарламалары бойынша оқыды. Сондай-ақ былтыр наурыз айында, аймақтық және желілік деңгейдегі қызметкерлердің жеке және іскерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған «Білім экспресі» жаңа жобасы іске қосылды. Ерекшелігі, қызметкерлер өз аймағынан тыс жерлерге шықпай-ақ тренингтерге қатысты. Оқыту бағдарламасын өзінің функционалдық саласында үлкен сараптамалық жұмыс тәжірибесі бар және білім мен дағдыларды беруге дайын компанияның сертификатталған ішкі тренерлері жүргізді. 13 өңірден 1565 қызметкер «Қақтығыстарды басқару», «Стреске қарсы тұру», «Тиімді коммуникациялар» және «Тұтынушыға назар аудару» тақырыптарында білімдерін жетілдірді. Бұл ізгі шаралар биыл да жалғасатын болады.  

– Әңгімемізді 2024 жылдың қаржылық жоспары және теміржолшылардың жалақысын көтеру, басқа да енгізілетін қаржылық-материалдық көмектермен қорытындыласақ...

– 2024 жылы Компанияның «Таза пайда» көрсеткіші 206,5 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Компания көрсетілетін қызметтерге тарифтерді көтеруді және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Әрине еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Компания қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бәсекеге қабілетті жағдайларын жетілдіру бойынша барлық күш-жігерін жұмсайды. Соңғы үш жылда компания теміржолшылардың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге бағыттады, 2013 жылдан бері жалақы деңгейін айтарлықтай арттыру жүзеге асырылған жоқ. Ал теміржолшылардың жалақысын көтеру мәселесіне келсек, 2024 жылға арналған бюджет жобасында өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақысын 7%-ға өсіру қарастырылған.  

– Рахмет!  

 

Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр