Тархиқа әлі де тереңірек үңілу керек

Сұхбат
12.06.2020, 13:22
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік қарт теміржолшы, ұзақ жылдардан бері өңір шежіресін, аймақтағы теміржол саласының өткенін зерделеуші Жазид Машрабтың заманының айтулы құрылысы саналатын Түрксіб теміржолының тарихы жайлы оқырманмен бөлісер тың деректері бар екен. 

– Түрксіб тарихына қатысты деректер бойынша бүгінде айтылмай жүрген, әлі де болса тереңірек тоқталуды қажет ететін мәліметтер бар ма?

– Менің әкем Машраб Баяділұлы – 14 жасында қыр қазақтарымен бірге қиыр шығыста Транссібір магистралін салуға барып, мол тәжірибе жинап қайтқан адам. Ал Түрксіб құрылысы басталған шақта АягөзЖарма телімі бойында сол байырғы әріптестерімен бірге жол төсеуге қатысты. Яғни, жұмыс күші бойынша Түрксібке тек өзге жерден келген жандар емес, ұлттық мамандар да қатысты әрі қатарлары толығып, шыңдалып шықты деген сөз. Бұл дегеніміз – Түрксіб қазақ жұмысшы табының қалыптасуына ықпал етті деген сөз. Тағы бір тоқталар жайт, Семейде құрылған Алашорда үкіметінің байырғы мүшелерінің осынау құрылысқа қатысы жайлы мүлде айтылмай жүр. Кейінгі зерттеушілер осы тақырыптарды нысанаға алса деймін.

– Түрксібке қатысты жәдігерлердің жинақталуы, сақталуы, жалпы мұражай қорындағы орны жайында не айтар едіңіз.

– Өткен ғасырдың ортасынан аса Ақтоғай мен Аягөз, ЖармаШар телімі бойындағы бұрынғы теміржол мектептері ұстаздарының әдістемелік тәжірибелерін шыңдау үшін сан мәрте іссапарларда болдым. Түрксібке қатысты соны деректер мен жәдігерлерді сол кезде жинауды бастадым.

Сол жылдардағы Семей теміржолының басшысы Құдайберген Көпжасаровтың ықпалымен аталмыш тарапта көптеген жұмыстар атқарылып еді.

Соның нәтижесінде көптеген деректер табылып, құнды құжаттар бөлімшедегі мұрағатқа өткізілді. Желі бойынан кездейсоқ табылған, Түрксіб дәуірінде жасалған теміржол аспаптары мен бұйымдарынан әзірленген арнайы мүйіс бар. Ал, олардың барлығының жылдар өткен сайын тарихи мәні арта береді. Сөз орайында айта кетейін, Түрксібке қатысты табиғат аясындағы «ескерткіштер» де бар.

Мәселен, құрылысты салушылар қажетті топырақ пен өзге де жер жыныстарын жолдың маңайынан алғаны белгілі. Тіп-тік, түзу әрі терең қазылған орларды желінің Сарөзек, Жаңғызтөбе, т.б станциялар мен көптеген разъездер тұстарынан әлі күнге дейін кездестіруге болады. Осы орындарға жас ұрпақ үшін арнайы экскурсиялар неге ұйымдастырмасқа?

– Биыл Жеңістің 75 жылдығы аталып өтілуде. Фашизммен күресте Түрксіб теміржолшыларының еңбегі лайықты бағаланып жүр ме?

– Түрксіб теміржолшылары соғыс жылдары ерліктің хас үлгісін көрсетті. Фашизмге қарсы атылған әр он оқтың тоғызы Қазақстаннан тасымалданғаны белгілі. 1941 жылдың жазында Алматыда алғаш рет №34 паровоз колоннасы құрылып, майдан даласына аттанды. Бұл паровоз Мәскеу түбіндегі ұрысқа қару-жарақ жеткізіп, жау бомбасының астымен Сталинград, Курск шайқастарында дәрідәрмек, азық-түлік тасымалдады. Түрксіб теміржолының паровозы тартқан состав тіпті Берлинге бірінші болып кірді деген дерек бар. Теміржолшылардың соғыс жылдарындағы ерлігі жоғары бағаланып, кезінде лайықты марапатын алды. Жалпы, кеңес дәуірінде түрксібшілердің, анығырақ айтқанда, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан теміржолшылардың ерліктері үзбей дәріптелетін.

Соның нәтижесінде Семей қаласынан бірнеше даңқты Түрксіб құрылысшыларына, Кеңес одағының батыры атанған тұлғаларға көше атауы берілген еді. Осы үрдіс ұмытылмаса екен. Қорыта айтарым, Түрксіб тарихын тану үшін, тарихқа әлі де тереңірек үңілу керек. Ұлы құрылысқа бүгінгі Тәуелсіздік тұрғысынан, рухани жаңғыру аясынан қайта қарап, қажетті деректерді екшеп, тың мағлұматтарға сүйену керек. Соның аясында жаңадан танымдық деректі фильмдер, кітаптар шығарылса, құбақұп.

Әйтпесе, ғасыр құрылысына қатысты көптеген тың мәліметтер әлі де болса қалың жұртшылыққа жетпей жатыр. Түрксібке қатысты соны дүниелермен бөлісіп жүрген теміржолшылардың төл басылымына байырғы өлкетанушы, ардагер теміржолшы ретінде зор алғыс білдіремін.

– Сұхбатыңызға рахмет! 

Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды