Түркістан облыс орталығына айналғалы құрылыс материалдарын тасымалдауға сұраныс артқан

Сұхбат
17.08.2021, 09:43
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан десе көз алдымызға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тайқазан, көне шаһар, Жібек жолы сұлбасы елес беріп, Күлтөбе қалашығы сынды өткен ғасырдың тарихи жәдігерлері келеді. Түркістан станциясы өткен ғасырдың басында пайда болды. Түркістан облыс орталығына айналған үш жыл ішінде станция қалай өзгерді? Көне қаланың жаңа статусы станцияның жұмыс көрсеткішіне қаншалықты әсер етті? Түркістан станциясының бастығы Қадыр Сырлыбековпен сұхбатымыз осы бағытта өрбіді. – Қадыр Қаңлыбайұлы, «Тамаша Түркістандай жерде туған..» деген ғой, киелі шаһарда тұру, өмір сүру қандай деп ойлайсыз? – Түркістанның бағы енді жанды деп ой- лаймын, облыс орталығы мәртебесін алғалы қала қатты өсті, ағылған халықта да есеп жоқ. Теміржол тасымалы да жанданып сала берді. Қалаға келетін құрылыс, тағы басқа жүк көп. Мен осы Түркістан қаласында дүниеге келдім. Мен үшін туған жерге қызмет етудің ешқандай айырмашылығы жоқ. Елімнің қай түкпірінде жүрсем де теміржолға, яғни өзімнің қалаған кәсібіме қызмет етемін. Дегенмен күрежолдың бойындағы Түркістан ежелден транзиттің жолы ғой. Еліміз арқылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан секілді көрші мемлекеттерге жүк тасымалдайтын пойыздар транзит арқылы өтеді. Қазіргі таңда «Шығыс Қытайдан- Батыс Европа» жолымен контейнер пойыздар жүруде. Контейнерлік пойыздар қазір дамып кетті. Мемлекетке одан түсіп жатқан кіріс те орасан зор. Тәулігіне 1250 шақырымнан 7 күнде Қытайдың арғы шығысынан Еуропаға жетіп жатыр. Біздің міндет – осы ағылған жүк және жолаушы пойыздарын кесте бойынша уақытымен күтіп алып, уақытымен жөнелту, жолаушылар пойызын сумен қамтамасыз ету, тепловоздарды уақытылы жіберу, ағытылған вагондарды уақытылы тіркеу, қауіпсіздік жағдайы, қым-қуыт жұмыс тәулік бойы тынбайды. Жүк пойыздарының ішінде 10-20 минут, 40 минут, 1 сағат тұратын пойыздар бар. Соған біздің теміржолшылар, машинистер, вагоншы, күзетшілер, бағдаршамды қадағалайтын механиктер, электриктер, жол шеберлері барлық деңгейде бірдей қызмет көрсетеді. Түркістан қаласына келетін жолаушылар мен жүк пойыздарының уақытылы келіп, кетуіне бір ғана станция емес, осы құрылымдардың бәрі жауапты. Одан бөлек, қалаға күніне ең кемі 15-20 жүк вагоны келеді. Біздің міндетіміз – осы вагондарды өз орындарына жеткізіп, жүкті түсіріп, бос вагондарды қайта тиеп жіберу. – Түркістан станциясы арқылы тасымалданатын жүк көлемі қаншалықты өскені жоспардың қалай орындалуынан да байқалатын болар? – Бізге тиесілі өз жоспарымыз бар. Жыл басынан бері вагон айналымы жоспардан асырып орындалып келеді. Қалаға келетін тауарлардың басым көпшілігі – ұн, жанар-жағармай, құрылыс заттары, мал азығы секілді өнімдер. Бір айта кететін жайт, көршілес Қызылорда облысына бұған дейін артатын жүктер көп болатын. Қызылордаға қарай ол кезде тәулігіне 10-15 вагон құрылысқа қажетті заттар жөнелтілетін еді. Бүгінде шаһарымыз облыс орталығы болғалы мұндағы жүріп жатқан құрылыс нысандарына жеткізілетін құрылыс материалдары және тағы басқа заттарды көрші облыстарға жіберіп жатқан жоқпыз. Себебі, өзіңіз білесіз, облыста құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан, қажетті материалдар өзімізден артылып жатқан жоқ. Бұдан бөлек, ай сайын біздің аумаққа қарасты теміржолдың барлығын қадағалап, Бекзат мөлтек ауданындағы соңғы бағдаршамға дейінгі аралықты бүге-шүгесіне дейін тексеріп, бақылап отырамыз. Олардың өзінің талапқа сай нормалары бар. Одан асып кеткен жағдайда жабуымыз керек. Жүк тиегенде де оның дұрыс байлануын және әр вагонның пломбасы болады, соның дұрыс өткендігін тексереміз. Вагонның дөңгелектерін, жүретін жолын қадағалаймыз. Осының бәрі сайып келгенде станция өндірісінің өрге басуына алғышарттар болмақ. – Теміржол аса қауіпті аймақ екені белгілі, қозғалыс артқан сайын қауіпсіздікке де сын көбейген болар? – Қазіргі таңда темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ай сайын жол жағдайын тексеруге комиссиялық тексерулер ұйымдастырылып отырады. Табылған ақаулар мен кемшіліктер қауіптілік деңгейіне қарай шұғыл түрде, бес күн ішінде және жоспарлы түрде түзетіледі. Одан бөлек, заманауи техниканың да көмегіне жүгініп отырамыз, яғни модернизацияланған диагностикалық кешен вагоны – адам көзімен көре алмайтын ақаулар мен кемшіліктерді компьютер дисплейіне шығарып, қауіптілік деңгейіне қарай ақау табылған жерді қозғалыс үшін жабады немесе ол жердің қозғалыс үшін белгіленген жылдамдығын төмендетіп отырады. Ал, адами фактордың қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін азайту мақсатында локомотивтерде кешендік локомотивтік қозғалыс құрылғысы орнатылған. Бұл құрылғы пойыз машинистерінің қырағылығын арттырып, бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кетуіне жол бермейді. Темір жол аралықтарында вагон ақауын анықтайтын көпфункционалды техникалық құрылғылардың кешенді аппараты орналастырылған. Ал, пойыз қозғалысын ұйымдастырушы пойыз диспетчерлері мен станция кезекшілері пойыздарды қабылдап-жөнелтуді монитор экранында іске асыруға көшуде. – Әңгімеңізге рахмет!

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды