Транзиттік тасымал әлеуеті және тиімді жобалар

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев темір жол инфрақұрылымын және транзиттік әлеуетті дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Былтыр Қазақстан арқылы бір миллион алпыс алты мың контейнер тасымалданды. 2016 жылмен салыстырсақ, бұл 4,3 есе көп. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша Қытай/Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропа арасындағы контейнер ағынының 5-8% Қазақстанға тиесілі.

– Негізгі транзиттік дәліз – Қытай-Еуропа-Қытай бағыты. Бұл аралықты Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің теміржол әкімшіліктерінен құрылған ОТЛК ЕРА бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады. ҚТЖ Middle дәлізін дамыту үшін Әзербайжан мен Грузияның теміржол әкімшіліктерімен де дәл осындай бірлескен кәсіпорын құру туралы бастама көтерілді. Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы көршілерімізбен бірлесіп Оңтүстік дәлізін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Биылғы екі айдың қорытындысына қарап, біз контейнерлік транзиттік тасымал қарқынын жылдың соңына дейін сақтауға болатынын бағамдап отырмыз, – деді ҚТЖ басшысы.

Былтыр жүк айналымы 239,3 млрд т/км жетті. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал, транзит 39,6 млрд т/км немесе 21 млн тоннаны құрады. Транзит өткен жылғы деңгейден 2% көбейді. Жалпы табыс 120,6 млрд теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылы түскен пайдамен салыстырғанда 7,4 есе көп. Осы жылғы ақпанда ҚТЖ қызметкерлерінің орташа жалақысы 273 мың теңге болды. Жалақы деңгейін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ 41,5%-ға артық. Пандемияға байланысты әуе және теңіз көлігіндегі іркілістер (теңіз порттарындағы кептелістер) және соның салдарынан туындаған теңіз фрахты бағасының қымбаттауы теміржол тасымалына айтарлықтай басымдық берді. Күрделі кезеңде ҚТЖ теміржол тарифтерінің тұрақтылығын сақтап, жүктерді жеткізу мерзімі мен шарттарының орындалуын жоғары деңгейде жүзеге асыра білді. Үкімет отырысына жетекшілік еткен ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайлов баяндамашылар сөзін қорытындылай келіп, бірқатар тапсырмалар берді.

– Пандемияға және сыртқы саяси жағдайлардың әсеріне қарамастан транзиттік тасымал көлемі өсіп келеді. Жалпы өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемі 1 млн контейнерден асып, 23 ,8 млн тоннаны құрады. Дегенмен елімізді қуатты логистикалық хабқа айналдыру үшін теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамыту қажет. Ол теміржол желілерін жаңғырту және жаңадан салу арқылы іске асырылуы тиіс. Геосаяси және экономикалық жағдай ушығып тұрған қазіргі кезеңде Еуропаға бағытталған транзит көлемі мен жүк тасымалын азайтып алмау үшін тез арада балама маршруттар ашу ісі қолға алынды. Қазіргі кезде жүктерді Әзербайжан мен Грузия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық трансшекаралық бағыты мен ТРАСЕКА арқылы жіберу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бірлескен кәсіпорындар құру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Бұл отандық жүк тасымалдаушылар үшін бірыңғай тарифтерді белгілеуге мүмкіндіктер береді. Индустрия министрлігіне Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясымен бірге Транскаспий халықаралық трансшекаралық бағытының тұрақты жұмысын және қазақстандық бизнес қауымдастығы үшін бәсекеге қабілетті бірыңғай тарифтің қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Үкімет басшысы.
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды