Украинадағы ахуалға байланысты жүкті балама бағытпен тасымалдау ұсынылды

Жаңалықтар
15.03.2022, 09:06
Қазақстан теміржолшысы

Ресей мен Украина арасында болып жатқан текетірес соғыс Қазақстанға да кері әсерін тигізуде. Әсіресе, жүк тасымалында логистикалық қиындықтардың туындап отырған жайы бар. Осыған байланысты қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылуда.

Жүргізілген келіссөздердің қорытындысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ 50 мың тоннаға жуық металл өнімін Ақтау портына қайта бағдарлап, әрі қарай Әзербайжан мен Грузия арқылы жөнелтуге дайын екенін білдірді. Қазақстан теңіз порттарының жалпы өткізу қабілеті жылына 23,7 млн тоннаны құрайды екен. Атап айтқанда, Ақтау порты – 14,7 млн тонна (мұнай – 9,5 млн, құрғақ жүктер – 2,5 млн, астық – 0,7 млн, паромдық жүктер – 2 млн тонна); Құрық порты – 6 млн тонна (теміржол терминалы – 4 млн, автотерминал – 2 млн); Ақтау солтүстік теңіз терминалы – 3 млн тонна (құрғақ жүктер мен астық 1,5 млн тоннадан) жүк өткізе алады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздің теңіз порттарына 18 млн тоннаға дейін жүкті қайта бағдарлауға және бір уақытта жүктердің белгілі бір көлемін сақтауға болады. Оның ішінде, Ақтау порты – 2,5 мың контейнер, 25 мың тонна астық, 220 мың бас жүк; Құрық порты – 250 жүк көлігін; Ақтау солтүстік теңіз терминалы – 6 мың контейнер, 60 мың тонна астық, 170 мың тонна басты жүкті сақтау мүмкіндігі бар.

Жүк экспорттаушыларға қосымша ақпарат алу үшін «жедел желі» телефондары ашылған. Ақтау порты бойынша коммерциялық жұмыс бөлімінің +7 (7292) 44 51 27; маркетинг және сату бөлімінің: +7 (7292) 44 51 51 телефондарына, ал Құрық порты бойынша маркетинг және сату бөлімінің +7 705 169 04 44, +7 776 025 77 77 телефондарына хабарласуға болады. Ал Ақтау солтүстік теңіз терминалы бойынша экспедициялау қызметінің +7 (7292) 20 38 78 (1024); көлік-экспедиторлық қызметінің +7 (7292) 20 38 78 (1028) және маркетинг бөлімінің +7 (7292) 20 38 78 (1042) телефондары егжей-тегжейлі ақпарат беруге дайын.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті