Таразда болашақ мамандарға электр және автоматтандырудың маңызы түсіндірілді

Аймақтар
18.11.2025, 08:18
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол жүйесінде электр және автоматтандыру саласының маңызы зор. Сондықтан электр жүйесін реттеу, тоқ жүйелерін бақылау және автоматтандырылған басқаруды игеру – болашақ теміржолшылар үшін аса қажет дағдылар.

Тараз көлік және коммуникация колледжінде өткен «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбында ашық сабақта болашақ мамандарға пойыздар қозғалысындағы электр және автоматтандыру жүйесінің маңызы мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.  

Ашық сабаққа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаев арнайы шақырылып, білікті маман электрмен жабдықтау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету барысын арнайы сызбалар арқылы көрсете отырып, студенттерге қауіпсіз еңбек процесін қамтамасыз ету үшін қойылатын талаптар туралы айтып берді.  

– Мысалы, электромонтер – қауіп-қатермен бетпе-бет жұмыс істейтін, электрмен жабдықтау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процесін қамтамасыз ететін маман. Мұндайда сауатты қимылдап, өзін қорғай алған маман ғана қауіп-қатердің алдын ала алады. Сондықтан дистанцияда өтетін өндірістік сабақтарда алдымен қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі, – деді өндірістік оқыту шебері.  

Тәжірибелік сабақта еңбекті қорғау мәселесінің болашағы мен маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар темір жолда орын алған жазатайым оқиғалар бойынша талдау жүргізілді.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды