Қауіпті аймақта қатер көп

Қауіпсіздік
18.11.2025, 08:21
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолда пойыз басып кету жағдайларының санын азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларын іске асыруды жалғастыруда. Десек те, мал-жанның жол бойына шығып кетіп, пойызға басылып қалу жайттары да жоқ емес.

Сала мамандары ұсынған нақты деректерге сүйенсек, осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша адамдардың пойызға қақтығысуына қатысты 30 оқиға тіркелген, соның салдарынан 34 адам зардап шегіп, оның 15-і өліммен аяқталған, 19-ы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында үшеуі кәмелетке толмаған жасөспірім.

– Оқиғалардың негізгі үлесін азаматтардың теміржол көлігі объектілерінде болу ережелерін бұзған жағдайлар құрап отыр. Тіркелген оқиғаның 40% жағдайында немесе 12 оқиғада зардап шеккендердің ішімдік ішкені анықталса, екі жағдай құлаққап кию салдарынан болған, ал бір жағдайда адам өзін пойыз астына тастап, суицид жасаған, – дейді қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты мамандар.  

Теміржолшыларды алаңдатып отырған келесі бір мәселе, өткелдердегі жол-көлік оқиғалары болып отыр. Мәселен, жыл басынан бергі он айда теміржол өткелдерінде 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 3 көлік жолаушылар пойыздарымен қақтығысқан.  

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында осы жылдың басынан бастап темір жолда ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әскерилендірілген теміржол күзетімен және желілік полициямен бірлесіп 1 570 рейд ұйымдастырылып, 2 105 жиын өткізілсе, оның ішінде оқу орындарында 66 мыңнан астам адам қамтылған. Рейдтердің қорытындысы бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 айыппұл салынған. ҚТЖ мамандары азаматтарды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, белгіленбеген жерлерде жолды кесіп өтпеуге, құлаққаптар мен зейінді төмендететін өзге де құрылғыларды пайдаланбауға, теміржол объектілерінің жанында өте сақ болуға шақырады.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл