Атырау машинистері отын үндемдеу тәсілдерін үйренуге кірісті

Жаңалықтар
21.06.2022, 18:20
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау локомотив пайдалану депосының локомотивтері жаз маусымында толыққанды жұмысқа кірісті. Депо паркіндегі көктемгі тексеруден өткен барлық 22 тепловоз магистралдық және маневрлік қозғалыс түрлеріне қызмет көрсетуде.

Мамыр айында депо бойынша тасымал жұмысы 867,767 млн.тонно-км бруттоны құрап, жоспар 1,43 пайызға артығымен орындалды. 

Әрине, тепловоздар тоқтаусыз жүріп тұрса жұмыс көлемі де артып, жүк айналымы жақсарады. Бірақ локомотивтердің жөндеуге тұру жиілеп кететін кездері аз емес. Мысалы, өткен мамыр айында жоспардан тыс жөндеуге 9 тепловоз кірсе, 5 айда ол 66 бірлікке жеткен. Депоның инженер-технологы Айдар Қонарбаевтың айтуынша, ол көбіне сапасыз жөндеуден болатын құбылыс. Бес айда бір тепловоз 5-6 рет жөндеуге кірген. Әрбір тепловоз 48 сағат жұмыс істегеннен кейін техникалық қызметке кіруі керек болса, сервис орталығы мамандары оны белгіленген уақытта жұмыс көлемін бітіріп, тепловозды жолға шығаруды қолға алуы тиіс. Бірақ кейде ол ұзақ кідіріп қалады. Қосалқы бөлшектер жеткіліксіздігіне қоса салғырттық та бар. 

Локомотив бригадаларының жұмысындағы көрсеткіштердің бірі - жанармай шығыны. 5 айда ол 96,1%-ға, мамыр айы бойынша 113,6%-ға орындалған. Жанармай шығыны артқан. Оның бірнеше себептері бар, біріншіден жоспар артығымен орындалғасын дизель шығыны да артады, екіншіден пойыздың салмағы да әсер етеді. Учаскелік жылдамдық, локомотивтің қызып тұруы, тіпті қатты жел екпінінің де әсері болады. Міне, осындай факторлар отын шығынын арттырған. Одан бөлек өндірістен тыс шығындар бар, шұғыл тежеу, түсіру-мінгізу, өтуге не кіруге тиым салынатын белгілер, жоспардан тыс ескертулер т.т. 

Сонымен қатар, өткен 5 айда 121 машинист 119,350 тонна дизель отынын үнемдесе, 50 машинист 30 тонна артық шығын жұмсаған. «Соған орай бірнеше отырыс өтіп, онда 4 машинистке сөгіс, 65-не ескерту жарияланды. Артық отын жаққандармен 14 рет сапарға шығып, отынды тиімді пайдалану бойынша әдістер үйретілді. Ал отын үнемдегендерге сыйақы берілді» дейді депо инженері. 

Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша депода жазатайым зақымдану жағдайы кездеспеген. Аталған мерзім ішінде еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген қаражат толықтай игерілген. Қорғаныш құралдарын сынау, локомотивтерде жарық беру плафондарын қондыру және алмастыру, желдеткіштерді жөндеу, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген. Ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өтіп тұрады. Жұмысшылар арнаулы киіммен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотивтер мен цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. 

Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Ауысымға шығар алдында және одан кейін машинистердің денсаулығын, қан қысымын, т.б. тексеріп отыратын, ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететін арнайы бөлмеде медицина қызметкерлері жұмыс істейді. 

Атырау, Құлсары, Ганюшкино, Мақат, Сағыз станцияларында локомотив бригадаларының тынығу орындары күрделі жөндеуден өткізіп, ауа баптағыш, кір жуғыш машинамен жабдықталған. 

Атырау мен Сағыз демалыс үйлерінде локомотив бригадалары үшін ыстық тамақ беріледі, басқаларында тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш бар. Жуынатын ыстық-суық су бар. Бөлмелерде жайлы төсек, теледидар қойылған. Қысқасы, тынығуға барлық жағдай жасалған.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды