Теміржолшы арулар спартакиаданың финалына жолдама алды

Жаңалықтар
19.08.2022, 11:23
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тамыздың 13-14 күндері батыс аймағы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VІІ спартакиаданың бірінші іріктеу кезеңі өтті. Сайыста төрт өңірден жиналған спортшылар арасынан суырылып шыққан екі теміржолшы ару финалға жолдама алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Іріктеу жарысына түбектегі теміржол мекемелерінен қырық адам қатысты. Оның ішінде жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшесінен, «Вагонсервис» және «Қазтеміртранс» компанияларының жергілікті филиалдарынан теміржолшылар бар. Барлығы үш футбол командасы, бір волейболшылар тобы, үстел теннисінен екі, тоғызқұмалақтан бір, шахматтан үш, стрейтболдан төрт адам жарыс жолына түсті.  

– Үстел теннисін өте шебер меңгерген «Қазтеміртранс» мекемесінің қызметкері Салтанат Иманғалиеваға тең келер ойыншы табылмады. Барлық қарсыластарын ойсырата ұтқан теміржолшы ару бірінші орынды иемденді. Ал ұлттық ойын тоғызқұмалақтан Маңғыстаустанциясының еңбекті қорғау инженері Айгүл Аяпова шеберлігін көрсетті. Қарсыласының біреуінен бірнеше ғана ұпай аз жинап, екінші орынды алғаны болмаса, құмалақтардың бәрін ақылмен сырғытып, өте жақсы   ойын үлгісімен көрерменін тәнті етті. Екі қызымыз да қыркүйек айында елордада өтетін суперфиналға жолдама алып, бәрімізді қуантып отыр, – дейді Маңғыстау темір жолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл