Ыстамбұлда Көлікті үйлестіру комитетінің кезектен тыс отырысы өтті

Жаңалықтар
22.08.2022, 10:46
Оқуға 1 мин

Жиында Шығыс-Батыс Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы көлік-транзиттік операцияларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған жиынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның мемлекеттік мекемелерінің министрлерінің орынбасарлары, ал Қазақстан атынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов бастаған делегация қатысты.

Вице-министр өз сөзінде көлік-логистикалық кешенді дамыту маңызды екенін және ұйымға мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық, сыртқы сауда байланыстарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа аумақтары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытының танымалдылығы артуда.

Отырыста «Орта дәліздің» бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, Шығыс-Батыс Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы көлік-транзиттік операцияларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.  Сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы көліктік және транзиттік жұмыстарды цифрландыру мәселелері, «ТМҰ мүше-мемлекеттері арасындағы халықаралық аралас жүк тасымалы туралы келісім» жобасы және мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттер арасындағы рейстер санын арттыру мәселелері талқыланған болатын.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды