Алматыда биыл пойыз машинистері шұғыл тежегішті 110 рет басқан

Жаңалықтар
22.08.2022, 17:03
Оқуға 2 мин

Шұғыл тежегішті басудың себебі - теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен автомобильшілердің немқұрайлылығы болып отыр. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы жол бөлімшесінің бас инженері Александр Игошенайтты.

Оның айтуынша, теміржол маңы қауіпті аймақ, сол себепті мамандар үнемі оны еске салып отырады.  

«Осы жылдың 7 айында теміржолдың Алматы филиалының шекарасында локомотив бригадалары шұғыл тежегішті 110 қолданды, оның ішінде 5 оқиға өліммен аяқталды. Тежеу санының азайғанына қарамастан, статистика өте жағымсыз», - деп атап өтті А.Игошен.

Бүгінде теміржолшылар  апаттардың (адамдардың пойыз астында қалуы) алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауда: желілік полиция бөлімімен бірлесіп рейдтер жүргізілуде, түсіндірме әңгімелер, оқу орындарында кездесулер өтуде, плакаттар ілінуде, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу мәселелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықталады.

Мысалы, биыл екі мыңнан астам адамды қамтыған кездесулер, сондай-ақ Алматы-1 станциясында шұғыл тежеуге бейім учаскеде 10 рейд өткізілген.

 «Теміржолдың жанында тұратын адамдар қозғалыс қауіпсіздігін естен шығармағандары жөн. Олар теміржолдардағы белгіленбеген орындарда жолдарды кесіп өтпеуі, теміржол көлігі объектілерінде ойын-сауықтар өткізбегені абзал. Жолаушылар пойыздарының жылдамдығы сағатына 140 км-ге жетеді, ал жүк пойыздары сағатына 110 км жылдамдықпен жүреді, салмағы 7000 тоннадан асады. Мұндай көрсеткіштер кезінде локомотив бригадасы жолда кедергіні байқаса шұғыл тежеуді қолдануы әбден мүмкін. Ал локомотивті оқыс тоқтатқан кезде жолдың бейініне, поездың салмағына және қозғалыс жылдамдығына байланысты кемінде 500 метр, ал кейде бір километрден артық қашықтық қажет болады. Бұл автокөлік емес, онда бірнеше метр қашықтықта тоқтауға немесе бір жаққа бұруға болады», - деді ҚТЖ спикері.

Оның айтуынша, теміржол көлігі нысандарында бейнероликтер түсіру, құлаққаппен музыка тыңдау, әсіресе капюшонды киіп алып жүру өте қауіпті. Өйткені мұндай жағдайда локомотив беретін сигналдарды естімей қалады.

Теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі жайлы баяндаған  Александр Игошен алматылықтар мен қала қонақтарын теміржолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.  

«Мұқият және қырағы болу керек! Тек сонда ғана апаттың алдын алуға болады. Кез-келген адам теміржол көлігі нысандарында арнайы бөлінген орындарда: жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдері, тоннельдер, көпірлер, теміржол мен жол өткелдері арқылы кесіп өтуге тиіс. Теміржол  рельстерін ыңғайлы жерде немесе уақытты үнемдеу үшін кесіп өтуге болмайды. Бұл өмірге қауіпті»,-деді ол.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды