ҚТЖ халықаралық контейнерлік транзитті дамытуға ерекше көңіл бөледі

Жаңалықтар
20.09.2022, 13:28
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-ның назар транзиттің рентабельділігін арттыруға және өңірлік хабтар құруға бағытталатын болады. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Қойшыбаев «New Silk Way» V халықаралық көлік-логистикалық форумында баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өз сөзінде ол ҚТЖ халықаралық контейнерлік транзитті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін, өйткені бұл елдің стратегиялық ресурсы екенін атап өтті. Еліміздің географиялық орналасуы, ҚТЖ-ның дамыған инфрақұрылымы, активтері мен құзыреті өткен жылы бір миллион транзиттік контейнерлердің межелік деңгейін еңсеруге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер жаңа көліктік-логистикалық архитектураны құруды талап етеді. ҚТЖ трансформациясы үшін бірнеше бағыт бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады. Бұл ретте негізгі назар транзиттің рентабельділігін ілгерілетуге және арттыруға, сондай-ақ өңірлік хабтар құруға бағытталатын болады. Жалпы, ҚТЖ қабылдаған шаралар Қазақстан арқылы жеткізудің логистикалық тізбегін оңтайландыруға бағытталған.

- Біз тасымалдардың оң қарқының сақтаймыз және жүк айналымында тарихи максимумға қол жеткіздік. Өткен жылмен салыстырғанда өсім + 6% құрады. Тасымалдар көлемінде ең үлкен өсім транзитке баламалы бағыттардан жүктерді қайта бағдарлау және жаңа жүк ағындарын тарту есебінен келді, - деді Ерлан Қойшыбаев.

ҚТЖ өзгеріп жатқан жағдайда отандық экспорттаушыларға жүктерді әлемдік өткізу нарықтарына тасымалдауда жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны атап өтілді. Жүк жөнелтушілерге Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) және «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы Үндістан, Пәкістан және Парсы шығанағы елдері бағытында экспорттық тауарларды жеткізудің баламалы жолдары ұсынылды. Бұл ретте, ТХКБ бойынша тасымалдау 2,7 есеге артты.

- Қазақстандық экспорттаушылар жүргізген жұмыс қорытындысы бойынша Болашақ шекара өткелі арқылы Иранға құрлықтағы бағыт белсенді түрде пайдаланыла бастады. Маусым айында Қазақстанның  Павлодар станциясынан контейнерлік пойыз ұйымдастырылып, ол Түркменстан мен Иран аумағы арқылы Түркияның Пайяс портына дейін 12 күнде 6 мың км жүріп өтті, - деп атап өтті Ерлан Қойшыбаев.

Экспорттаушылардың Қытайға өнімді жеткізуге сұранысы артуда. ҚТЖ жүйелі жұмыс жүргізуде, соның арқасында қазақстан-қытай шекара өткелдері арқылы жүк тасымалдау көлемі өсуде. Сондай-ақ, Сарыағаш шекара өткелі арқылы Орталық Азия елдері бағытындағы бағдар дамуда.

- Контейнерлеудің оң қарқыны байқалады. Егер өткен жылдың басында жүк тасымалдарының жалпы көлемінде контейнерлердің үлесі тек 3%-ті  құраса, қазір ол 5,4%-ке дейін өсті, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ҚТЖ бизнес-процестерді цифрландыру мен трансформациялауға ерекше көңіл бөледі, бұл тасымалдаудың барлық негізгі операциялық сегменттеріне жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды