Қазақстан мен Греция көлік саласында ынтымақтастықты арттырмақ

Жаңалықтар
20.10.2022, 09:25
Оқуға 2 мин

Астанада өтіп жатқан Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан Греция Республикасы Инфрақұрылым, көлік және коммуникация министрінің орынбасары Михаил Пападопулоспен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты арттыруды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту перспективаларын қарастырды.

«Біздің мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастықтың басты бағыттарының бірі – көліктік-логистикалық саладағы ынтымақтастық. Қазақстан өңірдегі маңызды транзиттік хабтың рөлін атқарады. Біздің еліміздің Азиядан Еуропа елдеріне және кері қарай экспорттық тауарларды тиімді әрі жылдам жеткізу мүмкіндігі бар. Қазақстандық порттар «Солтүстік-Оңтүстік», ТРАСЕКА сынды халықаралық көлік дәліздерімен тығыз байланыста. Транскаспий маршруты бойынша контейнерлік жүк тасымалы көлемін арттыру мақсатында 2025 жылға қарай Ақтау теңіз порты хабын құру жоспарланып отыр », – деп атап өтті Иран Шархан.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы байланысын тереңдету үшін қолайлы әуе тасымалын қамтамасыз ету үлкен маңызға ие. Мәселен, 2015 жылы қос ел арасында аптасына 3 реттен әр бағытта тұрақты жолаушылар және жүк тасымалдарын ұйымдастыратын әуе қатынасын орнату бойынша Меморандумға қол қойылған болатын. Сонымен қатар өзара келісім шеңберінде әрбір тарап атқаратын шаралар да егжей-тегжейлі айқындалған. Атап айтқанда, қазақстандық авиакомпаниялар еліміздің кез келген аймағынан Афины, Родос, Солоники қалаларына тұрақты әуе рейстерін орындай алады. Ал өз кезегінде грециялық әуе тасымалдаушылар елдің кез келген нүктесінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатынауға мүмкіндігі бар.

Жалпы алғанда, Қазақстан мен Греция Республикасы арасында көлік және азаматтық авиация салаларында ынтымақтастық байланыс берік орнатылған. Бұл тараптағы көрсеткіштердің де айтарлықтай артқандығы байқалады. Биылғы қаңтар-тамыз айлары аралағында екі мемлекет арасындағы эскпорттық жүк айналымы 41,2 мың тоннаны құрады.

Ал Қазақстан мен Греция Үкіметтері арасындағы келісім негізінде автомобиль арқылы халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдау саласында тараптар жыл сайын рұқсаттама құжаттарын алмасады. Балқан түбегіндегі елден негізінен көліктер, түрлі құрал-жабдықтар, дайын азық-түлік өнімдері мен өзге де тауарлар тасымалданады. Осы орайда айта кетейік, 2022 жылдың алғашқы 7 айында Қазақстан мен Греция арасындағы тауар айналымы 1,05 млрд АҚШ долларын құрады.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды