Алматыда мектеп оқушыларына темір жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Жаңалықтар
26.10.2022, 09:55
Оқуға 2 мин

Алматы қаласындағы №50 және №83 мектепте теміржолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері бойынша дәрістер өткізілді. Алматы ЖТ, магистральдық желі және көлік полициясы бөлімшелерінің өкілдері балаларға темір жолдағы ойындардың қауіптілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2022 жылдың 9 айында Алматы өңірінің (Алматы-1, Алматы-2, Бұрындай, Шамалған, Байсерке, Қайрат станциялары) шекараларында локомотив бригадалары бөгде адамдардың темір жолға шығып кетуіне байланысты 132 рет шұғыл тежеуді қолданды. Бұл ретте, басудың 9 жағдайына жол берілсе, оның ішінде 5 жағдай өліммен аяқталды.  Негізгі себеп – зардап шеккендердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Жолды қысқарту үшін олар теміржол желілерін белгіленбеген жерлерде, жақындап қалған пойыздың алдынан кесіп өтпек болған. Жапа шеккендердің бірінен  алкогольдік ішімдік ішкені, ал екіншісінде суицид фактісі анықталды.

Теміржолшылар пойыз жолында кенеттен пайда болған жаяу жүргіншіні басуды болдырмау мүмкін еместігін атап өтті. Жолаушылар құрамының қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км-ге жетеді, жүк пойыздары сағатына 110 км-ге дейін жүреді. Пойыз салмағы 7 мың тоннадан асады. Мұндай көрсеткіштермен пойыздың тежеу жолы 1 км-ге дейін жетеді.

Оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, теміржол нысандарында гаджеттерді, құлаққаптарды пайдаланбауға, вагон  шатырларына шығып электр қуатына түсіп қалмауға, теміржол көпірлерінің металл конструкцияларына көтерілмеуге кеңес берді. Сондай-ақ, жасөспірімдерді қауіпті жерлерде әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер түсірмеуге шақырды.

Халықпен осындай алдын алу шараларына құрылған кездесулер бүкіл ел бойынша үнемі өткізіліп тұрады.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды