Ақтау порты алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А. Өскенбаевтың теңіз саласы кәсіпорындарының ұжымдары мен Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиында «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов баяндама жасап, Құрық портын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  Сондай-ақ паромдық кешеннің ағымдағы жылғы қорытындысымен таныстырды.

Ақтау порты, Құрық порты, Солтүстік теңіз терминалы және Қазақтеңізкөлікфлоты ҰТКҚК басшыларының қысқаша баяндамаларын тыңдағаннан кейін салалық министрлік басшысы өңір тұрғындарын қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.