ҚТЖ кадр саясатының жаңа нұсқасы талқыланды

Жаңалықтар
28.11.2022, 16:46
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-да «HR бизнес-серіктестік арқылы өзгерістердің драйвері болу жолы» атты NEW VER (жаңа нұсқа) кадр саясатының бастамаларын әзірлеу бойынша стратегиялық сессия өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараның шақырылған модераторы бизнесті қайта құрастыру бойынша сертификатталған сарапшы, HR саласындағы сарапшы Лариса Чистоедова болды. Стратегиялық сессияға компания аппаратының басшысы Серік Кеулімжаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев, сондай-ақ департаменттердің, еншілес ұйымдар мен филиалдардың басшылары қатысты. Қатысушылар HR негізгі басымдықтарын, IR (өндірістік қатынастар) және ESG (экологиялық, әлеуметтік, корпоративтік басқару) принциптерін, EVP (жұмыс берушінің құндылық ұсынысы) элементтерін талқылады.

Бүгінгі таңда компания алдында бірқатар стратегиялық міндеттер тұр. Олардың ішінде еңбек тиімділігі мен өнімділігін, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын арттыруға, IR және ESG қағидаттарын енгізуге бағытталған міндеттер бар.

«Осыған байланысты бүгін біз негізгі серіктестеріміз бен стейкхолдерлерімізді таяу болашаққа кадр саясатының басым HR-бағыттарын бірлесіп әзірлеуге шақырдық», - деді Серік Кеулімжаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және қызметкерлердің жұмыс берушіге деген адалдық деңгейін арттыруға бағытталған HR саласындағы негізгі бастамалар туралы айтып берді.

2023-2029 жылдарға арналған кадр саясаты жобасында HR бизнес-әріптестігін дамыту, инклюзивтілік, кемсітушілікке жол бермеу, гендерлік теңдік, HR-процестерді оңтайландыру, таланттарды басқару және т.б. сияқты мәселелер қамтылғаны атап өтілді. Сәуле Истлеева қатысушыларды осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, егер алдыңғысында кадр саясаты HR-құзыреттерді және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған болса, онда жаңа нұсқа IR және ESG қағидаттарын енгізуді қамтамасыз ететін процестерді дамыту арқылы қызметкерлердің қызметі мен әлеуметтік әл-ауқатының тиімділігін арттыруға басымдық береді.

 Сессияға қатысушылар HR-функциядан бизнестің жалпы көзқарасы мен не күтетіндіктерін қалыптастырып, командалық нәтижелерге қол жеткізу мәдениетіне жауапкершілік пен қатыстылықты көрсете отырып, өз идеялары мен бастамаларын ұсынды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды