Он айдағы оң істер

Жаңалықтар
29.11.2022, 09:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіндегі салалық кәсіподақ ұйымының белсенділері биылғы жылғы ҚР кәсіподағының 30 жылдық мерейтойын қорытындылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл орайда салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досановтың бастамасымен ағымдағы жылғы жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытынды жасалуда. Теміржолшылардың әлеуметтік ахуалына басымдық берген кәсіподақ белсенділері жастармен бірлесіп көптеген акциялар өткізген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 10 айында 2 млн 434 мың теңгеден аса қаражатқа қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мәдени-қоғамдық шараларды өткізуге 18 млн 951 мың теңге жұмсалынған. Ал теміржолшылардың балаларына бөлінген қаражат көлемі 3 млн 842 мың теңгені құраған.  

– Биылғы жылдың басты жетістігі ретінде теміржолшылардың психологиялық жүктемеден арылу бөлмесін жөндеуден өткізуімізді айтар едік. Биылғы жылдың 10 айының ішінде бұл бөлмені 600-ден аса теміржолшы пайдаланыпты, – дейді кәсіподақ белсенділері.  

Бұл шаралардың сыртында шалғай станциялар мен жол айрықтарындағы жаңадан бой көтерген немесе күрделі жөндеуден өткізілген балалардың ойын алаңқайларын да жыл үлесіндегі жемісті жұмыстар қатарына қосуға болады. Нысандардың теміржолшылар үшін қалыпты қызмет етуіне әсіресе жол шаруашылығының мамандары елеулі түрде жәрдем беруде.  

Қазіргі күні семейлік кәсіподақ қызметкерлері 30 жылдық мерейтой аясында тарихи маңызға ие ескілікті фотосуреттер мен деректерді жинастыруға кірісті. Ал бөлімшенің Жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова бастаған белсенді жастар алдағы жылға арналған қайырымдылық, патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шаралардың арнайы жоспарын әзірлеу үстінде.

 

Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №38 19 мамыр 2026 жыл
Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті