Астанада пойыздар қозғалысын басқару орталығы ашылды

Жаңалықтар
22.12.2022, 15:55
Оқуға 2 мин

«ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде солтүстік өңір бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығы ашылды. Салтанатты шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов және «Қазпрофтранс» ҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа орталық солтүстік өңірдің төрт бөлімшесі – Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар шекараларында пойыздар қозғалысын басқару функциясын біріктірді.

- Бұл ең жүктемесі жоғары бағыттар. Компанияның негізгі тиеу үлесі осы бөлімшелерде жүзеге асырылады. Сондықтан да осы орталық диспетчерлерінің жұмысына бүкіл желінің жұмыс көрсеткіштері байланысты, - деп атап өтті Қанат Әлмағамбетов.

Тасымалдау процесін басқаруды орталықтандыру станциялардың өткізу қабілетін арттыруға ықпал етіп, пайдалану шығындарын оңтайландыруға, қозғалыс қауіпсіздігін, транзиттік пойыздардың маршруттық жылдамдығын арттыруға, сондай-ақ локомотивтер мен вагондарға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Өңір бойынша пойыздық жағдайды орталықтандырылған бақылау инновациялық технологияларды енгізудің арқасында автоматты режимде жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру шеңберінде магистральдық желінің барлық учаскелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары әзірлеген диспетчерлеудің заманауи жүйесімен қамтылған. Желілік-аппараттық залдарда байланыс жабдықтары жаңғыртылып, жылжымалы құрамды бақылаудың және техникалық құжаттаманы жүргізудің автоматтандырылған жүйелері енгізілді.

Солтүстік өңірдің Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығын орналастыру үшін компанияның орталық әкімшілік ғимаратында жеке блок бөлініп, диспетчерлер үшін тиісті еңбек және демалыс жағдайлары жасалған. Солтүстік өңірдің РПБО-да жұмыс істеу үшін елордаға 137 қызметкер келді. Оларға екі жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу немесе Астанада тұрғын үйге ипотекалық қарыз төлеу бойынша шығыстар өтелетін болады. Жұмыскерге бір жалақы және отбасының әрбір мүшесіне 25% мөлшерінде көшу кезінде қаржылық көмек көрсетіледі. Багажды тасымалдау бойынша шығыстар өтеледі.

«Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» инновациялық жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаменті 2018 жылдан бастап іске асырып келеді. Бүгінгі таңда Ақтөбе мен Алматыда Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталықтары табысты жұмыс істеуде.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды