Теміржолшы үшін жаңа жылды жолда қарсы алу үйреншікті жағдай – жолсерік

Жаңалықтар
26.12.2022, 22:56

Жаңа жыл мерекесі елімізде ерекше аталып өтіледі. Көпшілік оны отбасылық мереке деп те атап жатады. Алайда кейбір мамандық иелері жаңа жылды қызмет орнында қарсы алуына тұра келеді. Теміржолшылар да солардың қатарында. Олар үшін жаңа жылды жол бойында қарсы алу үйреншікті жағдайға айналған. 

Жыл сайын бірнеше мың теміржолшы жаңа жылды өз жұмыстарында қарсы алады. Басты міндет халыққа қызмет көрсету, жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен уақытында жеткізу.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ диспетчерлері, станция, депо бойынша кезекшілер, машинистер мен олардың көмекшілері, жолшылар, жолсеріктер және ауысымдары 31 желтоқсаннан 1 қаңтар түніне түскен өзге қызметкерлер штаттық режимде жұмыстарын жалғастыра береді.

Мыңнан астам темір жол қызметкерлері мереке күніне қарамастан пойыздардың кесте бойынша қозғалуын қамтамасыз етіп, жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Астана-Өскемен бағытындағы тальго пойызында жолсерік болып жұмыс істейтін Нұрдәулет Кеңес бірнеше рет жаңа жыл түнін жол бойында қарсы алғанын айтады. Кезекшілігі дәл мереке күнге түскеніне еш қапаланбайды, өйткені жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

«Теміржолшы болып жұмыс істеп жатқаныма жеті жылдан асты. Соның екі-үш жылында жаңа жылды жолда қарсы алдым. Ол кезде бойдақ едім әрі Шымкен-Астана бағытында жүретінмін. Үнемі жол үстінде жүретіндіктен болар жаңа жыл күні жұмысқа түссем де әдеттегі жұмыс күні сияқты қалыпты қараймын. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысамыз,  олардың аман-есен жетуін қадағалау басты назарда. Адамдар әртүрлі жаңа жыл түнін бірі атап өтіп жатса, тағы бірісі жатып ұйықтайды. Түнгі сағат 12 болғанда әріптестермізбен кіші-гірім дастархан жайып, әдемі тілектерімізді айтып жаңа жылды өзімізше атап өтеміз. ҚТЖ жылда жаңа жылға қарай балаларымызға тәттілер беріп, сый-сияпат көрсетеді. Жұмысым өзіме ұнайды, отбасым да қызметіме түсіністікпен қарайды», – дейді жолсерік.

Бұл күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ дәстүрлі түрде жолаушылардың мерекелік көңіл-күйлерін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Теміржол вокзалдарында дауыс зорайтқышы арқылы құттықтаулар естіліп жатады. Пойыздарда осы жылды жолда шығарып салғысы келгендердің атына құттықтаулар айтылады.  

Мерекеге қарамастан кәсіби қызметтерін адал атқарып жүрген барлық теміржолшыларды келе жатқан жаңа жыл мейрамымен құттықтаймыз! Қажырлы еңбектеріңіздің қызығын көріп, толағай табысқа жете беріңіздер!

 

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер