Abu Dhabi Ports «Құрық» портын дамытуға қызығушылық танытып отыр

Жаңалықтар
18.01.2023, 09:21
Оқуға 2 мин

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі БАӘ тарапымен теңіз айлақтарының инфрақұрылымын дамыту мен әуе қатынасы саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумдарға қатысты қандай жұмыстар атқарылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми іссапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әмірліктер тарапымен теңіз айлақтарының инфрақұрылымын дамыту мен әуе қатынасы саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумдарға қол қойды.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы экономикалық байланысты нығайту мақсатында, оның ішінде көлік-логистика саласындағы әріптестікті арттыру үшін қазір Abu Dhabi Ports компаниясымен теңіз порттарының инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Осы бағыттағы жұмысты тиімді іске асыру үшін министрлік Abu Dhabi Ports-пен өзара түсіністік туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Соған сәйкес аталған компанияға контейнерлік хаб пен Құрық портында «Саржа» көп қызметті терминалын салу, сондай-ақ кеме шығарып, жөндейтін зауыттың құрылысына байланысты жобалар ұсынылды.

«Таяуда Abu Dhabi Ports-тың басшысы Мұхаммед Әл-Шамсимен онлайн режімде келіссөздер жүргізіп, оның нәтижесінде Әмірліктер тарапы Құрық портын дамытуға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ БАӘ-мен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС-не 2 танкер беру бойынша да келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоғарыда айтылған жобаны іске асыру үшін Abu Dhabi Ports – «ҚазМұнайГаз» – «Қазақтеңізкөлікфлоты» арасында бірлескен кәсіпорынды құру жоспарланған», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Сонымен қоса ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары кезінде еліміздің ұшу географиясын кеңейтумен бірге БАӘ арасындағы әуе қатынасын одан әрі нығайту үшін екі елдің авиациялық биліктері Авиациялық қатынас туралы ведомствоаралық меморандумға қол қойды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында 8 бағыт бойынша аптасына 60 рейс орындалып келеді. Әуе тасымалын Fly Dubai, Air Arabia, Wizz Air Abu Dhabi мен отандық «Эйр Астана» компаниясы іске асырып келеді. Бұл бағыттағы әріптестік рейстердің жиілігі мен межелі пункттердің шектеуін қарастырмайтын өзара түсіністік туралы меморандумның негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек араб мемлекетімен өнеркәсіп саласында да жемісті әріптестік орнаған. Айталық, қазір Павлодар облысында Canarax (БАӘ) компаниясы техникалық кремний өндіретін зауытты салуға байланысты жобаны сәтті іске асырып келеді.

«Қазір аталған зауыттың жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Мемлекеттік сараптама осы жылдың басында жүргізіледі деп көзделген. Құрылыс-монтаж жұмыстары алдағы ақпан айында басталады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын 2024 жылы іске қосылуы тиіс», – деді М.Қарабаев.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды