Осы жылдың 2 наурызында Үрімші қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Үрімші темір жолы» ЖШҚ басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар 2022 жылғы жұмысты қорытындылады және 2023 жылға жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға келісті. Бақты – Аягөз теміржол желісін салу және Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде қытайлық теміржолшылар Цзиньхе-Алашанькоу учаскесінде екінші жол құрылысының басталғаны туралы хабарлады және Бақты-Тачэн учаскесінде үшінші теміржол шекара өткелін салу жобасын іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Үрімші қаласында қазақстандық терминал құру мүмкіндігін қарастырды.

Тараптар кездесулерді тоқсан сайын өткізуге келісті.