Қазақстанның оңтүстігінде қарғын суға қарсы 15 пойыз әзірленді

Жаңалықтар
06.03.2023, 16:15

Оңтүстік өңірдегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік кәсіпорындары көктемгі тасқын суларды өткізу іс-шараларына дайын, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол төсемі мен инфрақұрылым объектілерін шаюдан және  бұзып кетуден қорғау бойынша барлық қажетті іс-шаралар 1 наурызда аяқталды. Көпірлердің, су құбырларының технологиялық саңылаулары қардан, мұздан, қоқыстардан тазартылды. Көлік құралдары, дрезиналар және автотрактор техникасы толық дайын.

Оңтүстік өңірде шайылып кетудің алдын алу және оның салдарын жедел жою үшін 15 пойыз дайындалды. Олардың құрамында 15 вагон және 84 платформа бар, олар кесек таспен, рельс пакеттерімен, кондиционерленбеген темірбетон шпалдарымен және басқа да материалдармен қамтылған. Пойыздар қауіпті учаскелердің жанындағы станцияларда орналастырылады.

ҚТЖ желісінде барлығы 45 қарғын суға қарсы пойыз құрылады. Батыс және шығыс өңірде арнайы құрамдар 15 наурызға дейін, елдің солтүстігінде 1 сәуірге дейін дайындалады.

Бүгінгі таңда судың шаюына қарсы 2 400 м3 кесек тас және 8000 кондиционерлік емес темірбетон шпалы дайындалды. 17 инвентарлық металл аралық құрылыстар, 44  инвентарлық рельс пакеттері, 54 металл, 53 темірбетон және 38 асбест құбыр сақиналары дайындалды.

Аумақтық органдармен бірлесіп теміржолшылар теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйін тексеруде.

Көпірлердің, құбырлардың, дренаждық құдықтардың саңылауларын мұз бен қоқыстан белсенді тазарту, таулы және су бұру арықтарын, науалар мен сайларды ашу жалғасуда. Барлығы 3578 көпір, 6327 құбыр, 2029 км сай мен 545 км таулы арықтар тазартылады. Қүмістау, Өскемен, Құсмұрын, Арқалық және Атбасар жол дистанциясы мұзды ұсақтау және қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге дайындалуда.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды