Пойызда ішімдік ішкен жолаушы жауапқа тартылды

Жаңалықтар
15.03.2023, 08:59
Оқуға 1 мин

Көлік полицейлері жолаушыға пойызда темекі шеккені және алкогольдік ішімдік ішкені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Rail-news.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе станциясына Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды акт бойынша түсіріп алған.  

Тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Ол масаң күйде вагонның тамбурында темекі шегіп, пойыз бригадирінің ескертуіне құлақ аспаған.  

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы және 441-бабы  бойынша екі әкімшілік материал толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.  

Еске сала кетсек, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 10650 құқық бұзушыны жауапқа тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1161 адам, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 388 адам жазаланған.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды