Теміржолшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

Жаңалықтар
29.03.2023, 11:00
Оқуға 2 мин

Осы жылдың наурыз айының басынан бастап күшіне енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық түзетулер ҚТЖ-да өткен кеңесте түсіндірілді. Кездесуді Компанияның Комплаенс – қызметі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерін шақыра отырып ұйымдастырды. Кеңеске ҚТЖ кадр қызметінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғалар болып табылатын квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне қатысты педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылықтан басқа кәсіпкерлік пен басқа да ақылы қызметті жүзеге асыруға тыйым салуды енгізу заңнамалық новеллалардың бірі болып табылады. Бұған дейін квазимемлекеттік сектордың теңестірілген тұлғаларына бұл тыйым қолданылмаған.

Теңестірілген тұлғалар санатына басқару қызметін орындайтын квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын және сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде шешім қабылдайтын немесе мемлекеттік бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты қызметкерлер жатады.

Заңның тағы бір нормасы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды қорғауға бағытталған. Жұмыс беруші мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен қызметкерлер туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ететін болады. Оларды тәртіптік комиссияның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, жұмыстан шығаруға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды, оның отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері міндетті түрде шақырылуы тиіс.

Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушінің өзі әлеуетті кандидаттарға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді сұрата алады.

Айта кетейік, теміржолшылар 8800 080 4747 және 8771 1918816 нөмірлері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ жедел желісінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады. Әрбір өтініш құпиялылық пен анонимділік қағидаттарын ескере отырып қаралады.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды