ҚТЖ жолаушыларға перроннан үйге дейінгі жаңа қызметті ұсынады

Жаңалықтар
14.04.2023, 21:32
Қазақстан теміржолшысы

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "UvU" international LTD" компаниясымен бірлесіп Астана қаласы бойынша Нұрлы жол теміржол вокзалының перронынан үйге (межелі пунктке дейін) жайлы шағын автобуспен трансфер қызметін іске қосады, деп хабарлай Rail-news.kz.  

"Пойыз + автобус" жобасы интермодальды тасымалдауды (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырылуда.  Қазіргі уақытта қызметті 3/4 "Алматы-Астана" жолаушылар пойызының жолаушылары пайдалана алады. Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті.  

Сондай-ақ, жолаушылар https://uvu.kz/ktz. веб-сайты арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады.  

"Біз қызметті жақсартудың және клиенттерімізге қосымша ыңғайлылықты қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздейміз. Болашақта мұндай қызмет жолаушыларға "Есіктен есікке дейін" қағидаты бойынша жолаушыға жол жүруді қамтамасыз ете отырып, бір бағыт шеңберінде автобус және теміржол көліктерімен жол жүруді ресімдеуге мүмкіндік береді, - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.  

Аралас тасымалдар жолаушыларға нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрлері арасында ыңғайлы түйісулерді таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады