Қазақстанның үздік жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары қасыңызда

Жаңалықтар
20.04.2023, 15:41

Жұмыс іздеушілердің өтініші бойынша QSamruk.kz әзірлеушілері AppStore мен Play Market-те де мүлдем тегін және қолжетімді қосымшаны іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінгі таңда платформада «Самұрық-Қазына» АҚ тобының 500 компаниясы және Қазақстанның басқа да жетекші компаниялары тіркелген.  

Мысалы, 20 сәуірде қосымшада ҚР барлық өңірінен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ тобының 412 ашық бос орны қолжетімді болды.

Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Теміржолсу» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» және сондай-ақ олардың көптеген басқа да филиалдары мен еншілес ұйымдарындағы әкімшілік-басқарушылық және өндірістік жұмыс орындары.

Ал соңғы кезден бастап сервиске: мемлекеттік инфокоммуникациялық алаң – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ және «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ «Қазақмыс» АҚ тобының компаниялары және еліміздің басқа да ірі жұмыс берушілері қосылды.

Сервис кез-келген талғамға және жұмыс тәжірибесіне сай түрлі бос жұмыс орындарын ұсынады: бортсерік, бухгалтер, энергетик, айтишник, кеңсе менеджері, тағылымдамадан өтуші, компания басшысы, слесарь, инженер.  

Батырманы бірнеше рет басу арқылы сіз ресурсқа тіркеліп, түйіндеме жасай аласыз. Ешқандай өтінім жауапсыз қалмайды - өттіңіз бе, жоқ па, міндетті түрде хабарлама аласыз.  

Қолданба сүзгілері жұмыс іздеушіге ең қолайлы жұмыс орнын табуға көмектеседі. Сіз белгілі бір компанияда немесе белгілі бір функциялары бар жұмыс таба аласыз. Сонымен қатар, мысалы, университет түлегі іздеу сүзгісін «жұмыс тәжірибесі жоқ» критерийі бойынша қоя алады, ал тәжірибелі маман, керісінше, басқарушылық лауазымды іздей алады.  

Платформаны әзірлеушілер клиенттердің жеке деректері қорғалған болуын қамтамасыз етті. Өтініш берушілер туралы ақпаратқа түйіндемені қарайтын HR мамандары және болашақ тікелей басшылар ғана қол жеткізе алады.  

Компания рекрутерлері үшін де қызмет ыңғайлы: сіз жұмыс берушінің жеке кабинетін басқарып, жауаптарды көре аласыз. Бұдан тыс рекрутинг кезеңдерін белгілеп, жұмыс іздеушілерді қарастырасыз, тестілеу өткізесіз. Бұл үшін сайттың барлық функцияларымен толық синхрондалған қосымшаны жүктеу жеткілікті.  

Айта кету керек, QSamruk.kz платформасында бос жұмыс орындарын 500 түрлі компания орналастырады. 148000-нан астам жұмыс іздеуші тіркеліп, 300000-нан астам рет жұмыс орындарына үн қатқан.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды