Электромеханиктер тәжірибе алмасты

Жаңалықтар
15.05.2023, 14:43
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолдың ажырамас бір бөлігі – электрмен қамту саласы. Бағдаршамдар мен бағыттамалы бұрмалар жұмысы, ғимараттардағы бүкіл автоматтандыру қызметтері электр қуатына тәуелді. Ал электр қуатының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз ететін – электромеханиктер. Сондықтан олардың біліктілігі – маңызды мәселе.

Жуырда Атырау электрмен қамту дистанциясында электромеханиктер мен энергодиспетчерлерге арналған семинар-мәжіліс өтті. Ондағы мақсат – өндіріс барысында қауіпсіздікті сақтау, қуат көзін тарату жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу, тәжірибе алмасу. Семинарға Атырау қаласы мен аудандық торап электромеханиктері мен энергодиспетчерлері, барлығы 20 шақты адам қатысты.  

Семинар барысында «Трансформаторларды, қуат бағандарын кешенді тексеру және жөндеу», «Қосалқы трансформаторлардың жағдайын тексеру», «Электр қондырғылары жұмысындағы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етуді ұйымдастыру және техникалық шаралары», «1000 вольтқа дейінгі және одан жоғары электрқондырғыларына қатысты жеке қорғаныш құралдары мен олардың қолдану мерзімдері», т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалып, түстен кейін сол баяндамалар негізінде практикалық сабақтар өтті.

 Дистанцияның бас инженері Абай Есқалиевтің айтуынша, Сағыз бен Д.Нұрпейісова аралығындағы 860 шақырымды қамтитын дистанция бүгінде толық қуатымен жұмыс жасап келеді. «Бұрын бізде жеке сектордағы абоненттер көп болатын, қазіргі уақытта олардан біртіндеп арылып, «Атырау-Жарық» АҚ сынды басқа да компаниялардың теңгеріміне берілуде. Енді тек темір жол нысандарына ғана қызмет көрсететін боламыз. Бұл біз үшін тиімді, өйткені «ортақ өгізден оңаша бұзау» дегендей, бұрынғыдай қосымша шығын жоқ. Өз қуатымызды өз нысандарымызға ғана жұмсаймыз. Аудандық тораптарда резервтік фидерлерді көбейтіп жатырмыз. Ол ешкімге тәуелсіз, дербес жұмыс жасауға қолайлы» дейді ол.  

Семинарға келген мамандар бір-бірімен пікір алмасып, білмегендерін сұрап, білгендерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.  

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады